Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 17:32

Ақтөбеде көпбалалы әйелдің мәйіті табылды

мәйіт
Фото: из открытых источников

Ақтөбеде қайғылы оқиға орын алды. Көпбалалы әйел өз пәтерінде өлі күйінде табылды.

Жедел жәрдем станциясының мәліметінше, шақыру бірінші дәрежелі шұғылдықпен қабылданған.

— Бригада келген кезде әйел адам жатын бөлмеде еденде жатқан. Өмір белгілері байқалмады. Жолдасының айтуынша, таңғы сағат тоғыз шамасында ол әйелін асылған күйде тауып алған. Содан кейін өзі жіптен шешіп, диспетчердің көмегімен жүрек-өкпе реанимациясын жасаған. Күйеуі соңғы кездері жұбайының қатты күйзелісте жүргенін айтқан, — деді Ақтөбе қалалық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Гүлмараш Балмағамбетова.

Қайтыс болған әйелдің жасы шамамен 35-те екені анықталды. Бұл деректі облыстық полиция департаменті де растады.

— Әйелдің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Тегтер: