Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:04

Ақтөбеде медқызметкер дәрігерді өлтіріп, денесін мұздатқышта сақтаған

1
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысының арнайы ауданаралық қылмыстық істер сотында қалалық белгілі нефролог Абaй Айсағалиевтің қатыгез өлтірілуі бойынша іс қаралып жатыр.

Сот деректеріне сәйкес, қылмыс биылғы жылдың мамыр айында болған. Дәрігер 23 мамырда із-түссіз жоғалған, оны полиция мен еріктілер іздеген. Бір аптадан кейін дәрігердің денесі мұздатқыштан табылған.

Сотта айыпталушы болып 31 жастағы оның әріптесі тергеліп жатыр. Оған «Қасақана өлтіру» және «Ұрлық» баптары бойынша айып тағылған.

Іс материалдарына қарағанда, медбрат пен дәрігер бір жеке клиникада жұмыс істеп, достық қарым-қатынаста болған. Алайда айыптау тарапының нұсқасы бойынша, медбрат дәрігердің жалғыз тұратынын және үлкен сомада қаражаты бар екенін біліп, қылмысқа алдын ала дайындалған. 24 мамырда ол әріптесінің үйіне келгенін күтіп, дәрігерді кіргізген.

 Асүйде медбрат оған үш рет пышақ сұққан және балтамен басына соққы жасаған. Соққылардан Абaй Айсағалиев қайтыс болған. Содан кейін денесін мұздатқышқа тығып қойған. Сондай-ақ, айыпталушыдан дәрігерге тиесілі зергерлік бұйымдар табылды.

Тегтер: