Ақтөбеде пойыз басшысын қылмыстық ортада бедел жинау үшін өлтіріп кеткен

Пойыз басшысы пышақ жарақатынан көз жұмды.
Оқиға Ақтөбе қаласындағы теміржол вокзалының жанында болды. Таңғы бестердің шамасында өз жұмысымен кетіп бара жатқан 47 жастағы теміржол қызметкерін белгісіз біреу тоқтатып, темекі сұраған. Сұраған нәрсесі болмаған соң 6 рет пышақ сілтеген. Одан кейін дым болмағандай бейнебақылау камерасына қарап, пышағын сүртіп, әрі қарай кеткен.
Полицейлер күдіктіні көп ұзамай ұстады. Оның пробациялық бақылауда жүрген 28 жастағы тұрғын екені анықталды. Бұл оқиғадан бұрын ереже бұзғаны үшін оны қайтадан колонияға жіберу туралы шешім шығарылған екен.
Тергеу мәліметіне сүйенсек, қылмыс кездейсоқ таңдалған адамға жасалған болуы ықтимал. Негізгі болжам бойынша, кісі өлтіруге себеп күдіктінің қылмыстық ортада «бедел» жинауға ұмтылуы болуы мүмкін.