Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:10, 18 Қаңтар 2024

Ақтөбеде «Qnet» қаржы пирамидасының филиалын құрғандар сотталды

«Qnet»
Фото: из открытых источников

Ақтөбеде «Qnet» қаржы пирамидасының филиалын құрып, жұртшылықты сан соқтырып келгендер сотталды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Бұл туралы Қаржы Мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қаржы пирамидасын аса ірі мөлшерде ақша немесе өзге де мүлікті тарта отырып ұйымдастыру және қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру фактісі бойынша істі тергеп, тексерген болатын.

Qnet халықаралық компаниясы 2019 жылдың қаңтары мен 2022 жылдың маусым аралығында Ақтөбе және Хромтау қалаларында және бірқатар шет елдерде қаржы пирамидасы деп танылған. Осы компанияның құрылымдық бөлімшесінің тәуелсіз өкілі ретінде Г. Жұмғазина басқарғаны анықталды. Қаржылық мониторинг органдарына 25 азамат шағымданған. Оларға келтірілген шығын -37,5 милллион теңге.

Г.Жұмағазина 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Кәмелетке толмаған баланы ескере отырып, жазаны өтеу 5 жылға кейінге шегерілді.
Барлық салымшылардың салымдарынан табылған 286 млн теңге көлеміндегі мүлік мемлекет пайдасына тәркіленді.

     Кәмшат Қопаева