Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:41

Ақтөбеде таңертеңнен бері қоқыс полигонындағы ірі өртті сөндіре алмай жатыр

Өрт
Фото: ТЖМ

  Бүгін таңғы алты шамасында Ақтөбенің Астанинск ауданындағы өнеркәсіптік аймақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны өртенді. От шамамен 0,5 гектар аумақты шарпыды.

Өртті 74 адам сөндіріп жатыр. 43 техника жұмылдырылған. Қатты жел (секундына 18 метрге дейін) өрт сөндірушілердің жұмысын қиындатты.

Зардап шеккендер жоқ.

Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары Евгений Овчарскийдің айтуынша, сағат 12:42-де өрт локализацияланды, яғни жалынның таралуы тоқтатылды. Қазір құтқарушылар жанған аумақтарды сумен сөндіріп, үстін топырақпен көміп жатыр.

Тегтер: