Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:32, 03 Қаңтар 2024

Ақтөбеде жасөспірімдер жаппай төбелескен: екі адам қаза болды

полиция
Фото: из открытых источников

Аталған оқиға Ақтөбеде 3 қаңтар күні болған, салдарынан екі жігіт қаза болды.

 

Олар бастапқыда, 2 қаңтарда интернетте жанжалдасқан. Кейін бірі екіншісін "Алмаз" дүкенінің маңында кездесуге шақырған. Жастар жалғыз келмеген көрінеді. Түнде жаппай төбелес болып, екі бала пышақталған.

Олар ауруханада қайтыс болды. Тергеу барысын облыс прокуроры жеке бақылауына алды.