Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:35

Ақтөбедегі әскери бөлімде қаза тапқан сарбаздың анасы видео үндеу жолдады

1

Ақтөбедегі әскери бөлімдердің біріндегі постта ұлы көз жұмған әйел өзіне қол жұмсады деген өлімнің нұсқасын таратпауға шақырды.

 aqtobe_sergek парақшасында Ирина Боровецтің бейнеүндеуі жарияланды.

"Менің балам сәуір айынан бері қызмет етті. Оны ешкім ренжіткен жоқ, ешқандай қиындық болған жоқ. Үнемі хабарласып тұрды, бәрі жақсы еді. Қазір тергеу жүріп жатыр, бәрін анықтайды деп үміттенемін. Оны өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген нұсқаны таратпауларыңызды сұраймын. Сот-медициналық сараптама алдында ұлымды көрдім . Денесінде көгерген, ұрған іздер жоқ", - деді сарбаздың анасы.

Айта кетейік, кеше Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде әскерге шақырылған сарбаздың қаза тапқаны туралы хабарлды Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі тараттты.

Ол күзетте, кезекшілікте болған.

"23 қарашада Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші күзет қызметін атқарып жүріп, бекітілген қарудан оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады", - делінген Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Кейінгі уақытта әскерилердің қаза табуы жиілеп кетті. Бұған дейін қорғаныс министрлігі кейінгі үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қаза болды деп мәлімдеген. Ресми ақпаратта, өлімге көбіне өзіне қол жұмсау, ауру және қайғылы жағдай себеп болатыны жазылады. Бірақ қоғам кейінгі уақытта әскерде әлім жеттік бар екенін айтып жүр. Қарашаның басында ҚР Қарулы Күштерінің өкілі әскерде "дедощина" жоқ деп мәлімдеді.

Тегтер: