Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 14:15

Ақтөбелік мұнай компаниясының қашқын директоры БАӘ-ден экстрадицияланды

1
Фото: ашық дереккөз

300 миллион теңге көлеміндегі заңсыз мұнай айналымына қатысы бар күдікті Қазақстанға экстрадицияланды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері бірлесіп, Біріккен Араб Әмірліктерінен (БАӘ) мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысы бар күдіктіні елге қайтарды.

Тергеу деректеріне қарағанда, күдікті 2022-2023 жылдары Ақтөбе облысында коммерциялық ұйымның бас директоры қызметін атқара отырып, өзге тұлғалармен алдын ала келісіп, мұнай мен мұнай өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан.

Заңсыз табыстың жалпы көлемі 300 миллион теңгеден астам болған. Қылмыс ашылған соң күдікті елден қашып кетіп, оған халықаралық іздеу жарияланған.

Дубайдан ұсталып, елге жеткізілді

2024 жылы қашқын Дубай қаласында анықталып, Қазақстанның құқық қорғау органдарының қатысуымен экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.

Сотталған сыбайлас және жаза шарасы

Аталған іске қатысы бар оның сыбайласы 2024 жылы сот үкімімен бас бостандығынан айырылған.

Қолданыстағы заң бойынша, бұл қылмыс үшін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.

Тегтер: