Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 10:03

Ақтөбеде жұмысшылар қытайлық басшылықтың қысымына шағымданды

Е
Фото: скриншот

Ақтөбе облысында мұнайшылар қытайлық басшылықтан қысым көріп отырғандарын айтып, Тоқаевқа үндеу жолдады.

Темір ауданындағы «КМК Мұнай» АҚ-ның серіктесі саналатын Қытайдың «Янгуантяньчуан» ЖШС жұмысшылары жалақының аздығына және басшылықтың қысымына наразы. Олардың айтуынша, айлық еңбекақы 85 мыңнан 140 мың теңгеге дейін ғана, бұл компания серіктестері арасындағы ең төмен көрсеткіш. 2023 жылдан бері жалақы көтерілмеген. Қазір табыстары тек азық-түлікке, коммуналдық төлемдер мен несие жабуға жетеді.

Осы үндеуден кейін компанияға тексеру жүргізіліп, басшылықтың қысымына тосқауыл қойылуын сұраймыз, – делінген мұнайшылардың хатында.

Жұмысшылар ауыр жағдайда еңбек ететінін айтады: жоғары температура мен қысымда, қышқылдар мен сілтілерді пайдаланады. Алайда жалақыны көтеру туралы өтініштері ескерусіз қалып, басшылық «Ұнамай ма – жұмыстан кетіңдер» деген.

Тегтер: