Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:21, 19 Сәуір 2021

Актриса Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті

None
None

Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышына айналған Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті.

 

Бұл туралы Instagram парақшасында Асхат Маемиров жазды.

Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Тартоғай ауылында туған.

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Парасат», "Құрмет" ордендерінің иегері, қазақ театры мен кино өнерінің майталманы.

Аты жаман тажал ауру ешкімді аямады. Ғазиза Әбдінәбиева – жаны мен жүрегі мейірімге толы, адалдықты ту еткен болмысы бөлек жан еді. Сахна кеңістігінде Мөржандай асыл аналардың, Ару қыздардың бейнесін сомдаған аса талантты актриса, аяулы жан дүниеден өтті. Көкіректі кернейтін өкініш. Ғазиза Апа, асыл апам-ай, делінген жазбада.

Тегтер: