Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:28

Ақжарқын Тұрлыбай туралы жаңа деректер шықты

Ақжарқын Тұрлыбай
Фото: из открытых источников

ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев әлеуметтік желілерде тараған Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді.

 Оның айтуынша, Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбай қазіргі уақытта Қазақстанға жеткізілген жоқ.

Министрлік өкілінің мәлімдеуінше, оны елге қайтару мәселесі күн тәртібінде тұр, бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Сыртқы істер министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр.

«Қарамағымда болмағандықтан қандай шаралар қолданылып жатқанын нақты айта алмаймын. Жазбаша сауал жіберсеңіздер. Ақпарат беретін боламыз. Әрине, ол Қазақстан Республикасының азаматы болғаннан кейін ол мәселелерді ұдайы бақылауда ұстап тұрамыз. Үмітіміз бар. Бірақ қаншалықты жүзеге асатынын уақыт көрсетер», - деді ол.

Еске салайық, Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды.

Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. Әзірге оны экстрадициялау мүмкін болмай отыр.