Әл-Фараби еңбектерін Отырарға алдыру қажет

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевбастаған Үкімет мүшелері Түркістан облысына келді.
Мемлекет басшысы жолдаудауының орындалуыннасихаттауға келген топ тарихи Отырар ауданын аралады.
ДелегацияШәуілдір ауылында күрделі жөндеуден өтіп жатқан мәдениет үйінің құрылысжұмыстарымен танысты. Нысанды жаңартуға республикалық бюджеттен 262,9млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары тамыз айында басталған. Қазіргі таңдамәдениет үйіне су құбырлары мен кәріз жүйелері тартылып, іші мен сыртын әрленіпжатыр. Құрылыс жұмыстарына 46 адам жұмылдырылып, нысан осы жылдың соңындапайдалануға беріледі деп күтілуде. Өнер ордасын аралап көрген БердібекСапарбаев облыс және аудан басшыларына жөндеу жұмыстарына бірқатар өзгерістеренгізіп, кіреберісін заманауи үлгіде жасау керектігін ескертті.
«Мердігердің жұмысы сапалы болсын, оны бақылап отыру қажет.Өйткені бұл жерде халықаралық деңгейдегі конференция өтеді. Шетелден қонақтаркеледі. Ең негізгісі — сыртқы келбеті, адамдар сыртын көреді. Соны заманауиүлгіге сәйкестендіріп жасау керек. Жақсы дизайнмен жасалса, европалықстандартта емес. Келбеті қазақи нақышта, ұлттық иісі шығып тұрғаны жөн»,- дедіол.
Мұнан кейін Сапарбаеваудан орталығындағы алаң мен әл-Фараби ескерткішінің бүгінгі жағдайыментанысты. Отырар кітапханасын аралап, онда да бірқатар жөндеу жұмыстарын жүргізуқажеттігін атап өтті. Келесі жылдың қыркүйек айында кең көлемде аталып өтетінәл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын тойлау кезінде келетін қонақтар ментуристер сол нысандарды аралап, тарихымызбен танысады. Бердібек Мәшбекұлыжаңадан салынған көне Отырар қалашығы жанындағы сапар орталығында өңірдің зиялықауым өкілдері мен тарихшылар, ғалымдар бас қосқан алқалы жиынға қатысып, әл-Фарабимерейтойы алдындағы дайындық жұмыстарын пысықтап, жергілікті тұрғындар менғалымдардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Отырар өңіріндегі тарихи нысандардыңқазіргі жағдайы мен сәулетіне қандай өзгерістер енгізу керек, қосымша тағықандай нысандар жөнделгені дұрыс деген мәселені талқылады.
Бұл ретте басқосуға келген ғалымдар Отырар кітапханасынашса, Оқсыз деген тарихи орынды ретке келтірсе деген тілектерін жеткізді.
«Өзгелер қазақта өнеркәсіп, ғылым, сауда-саттық дегенболмаған, көшпенді халық болған деп айтып жатады. Біз ежелден мәдениетімізжақсы дамығанын осы Отырардан бастап көрсетуіміз керек. Отырардағы музейдіқалпына келтіріп, ішіндегі жәдігерлерді жөндеу керек. Келген қонақтар, шетелдіктер сұрақтарғажауап алуы керек. Оларды қандай дүниелермен таң қалдыра аламыз, соны ойланукерек. Әлемде фарабитанумен айналысатын 11 орталық ашылған. Сыртқы істерминистрлігі әр елшілікке тапсырма беруі керек. Сол орталықтарда табылғанғұұламаның еңбектерін осында алдыру қажет. Фарабитанушыларды шақырып, ақылдасукерек. Әл-Фарабидің әндері мен шығармаларын жарыққа шығаруымыз керек», — деді Бердібек Сапарбаев.
Фото: kazinform.kz