Әл-Фараби мұрасының қайта оралуы

07.05.2020, 07:33

51

 Қазақстанда Әбу Насыр әл-Фарабимұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары мен әрекеттері ХХ ғасырдың60-70 жылдарынан басталып, Қазақстан фарабитанудың әлемдегі ең үлкенорталықтарының біріне айналды. Қазақстандық фарабитанудың басында, негізгіұйытқысы, мұраларын тұңғыш іздеуші, аударушы, мәселені көтеруші ретіндеА.Машани мен А.Көбесов есімдері аталса, ал 1968 жылы ҚазКСР ҒА Философия жәнеқұқық институтында әл-Фараби мұраларын зерттейтін шығармашылық топ құрылды,топты ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымының докторы, профессор А.Қасымжановүйлестірді.


    Әбу Насырәл-Фарабидің өмірі мен энциклопедиялық ғылыми мұрасы, рухани әлемі оның көзітірі кезінде-ақ сол заман ғалымдарының назарын өзіне аудара бастаған. Әл-Фарабиөмірден өткеннен кейін бұл зерттеулер бүгінде әлемнің алуан тілде жазатынғалымдар шығармаларымен толығып, «Фарабитану» атты біртұтас ғылым саласынаайналды. Фарабитануды құрайтын сол мұраны шартты түрде бес топқа жіктеугеболады. Бірінші топқа ортағасырлық араб, парсы оқымыстыларының жазбаларыкіреді. Екінші топқа фарабитанудың тағы бір үлкен саласын ХIХ-ХХ ғасырлардағыЕгипет, Сирия, Ливан, Иран және Ауғанстан ғалымдары толықтырды.Фарабитанудағы  үшінші топты батысавторлары құрайды. Бұл саладағы Фараби мұрасына қызығушылық ХV ғасырданбасталады. Фарабитанудағы төртінші топқа патшалық Ресей және кеңес заманындағышығыстанушылар жатса, фарабитану ғылымының бесінші тобына түркітілдес халықтарғалымдарының еңбектерін жатқызуға болады.

     Өткен ғасырдыңортасында бұл іске түрік оқымыстылары білек сыбана атсалысты. Олардың ішіндеА.Атеш, К.Бурслан, Н.Кеклик, С.Ануар, Х.Үлкендер бар. Әсіресе Ахмед Атештің«Фараби шығармаларының библиографиясы» (1951), Зия Үлкенің «Исламфилософиясының тарихы» (1957), Нихат Кекликтің «Мантық тарихы» (1969) еңбектерітүрік фарабитануының көш басында  тұрғандүниелер. Профессор А.Атештің библиографиясында әл-Фарабидің 160 трактатыныңаты аталып, олардың қашан, қай жерде жарық көргені немесе қайда сақталғаныжөнінде толық мағлұмат келтірілген. Ал ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдыңбасында фарабитану ғылымына өзіндік үлесін қосып жүрген түркі әлеміне белгіліғалым, профессор Бекір Қарлығаның еңбектерін ерекше атап өткеніміз жөн. Түрікағайындар бірінші болып 1950 жылы Анкара және Ыстамбұл университеттерінде әл-Фарабидіңқайтыс болғанына 1000 жыл толуын кеңінен атап өтті.

     Қазақстандықфарабитанушылардың отандық фарабитануға қосқан үлесіне тоқталатын болсақ, белгіліфарабитанушылардың бастауымен әл-Фарабидің еңбектері қазақ және орыс тілдеріндежарық көрді. А.Қасымжанов үйлестірген «Философия тарихы жəне Қазақстандағықоғамдық-саяси ойлар» бөлімі жанынан құрылған шығармашылық топта И.Мұхаммед(Иран), еуропа тілдерінің маманы Б.Ошерович, шығыс математикасының маманы А.Көбесов,арабтанушылар А.Иванов, К.Таджикова, Н.Караев сынды ғалымдар болды, соныменқатар мəскеулік арабтанушылар Б.Ғафуров және А.Сагадеевпен байланыстар орнатылды.Осы ғылыми шығармашылық топтың арқасында ұлы ғұлама, философ əл-Фарабидіңшығармашылығымен, қолжазбаларымен мұқият танысуға зерделі зерттеулер басталыпкетті. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде А.Қасымжанов, М.Бурабаев, Ә.Дербісәлиев,Қ.Жарықбаев, Г.Шаймұханбетов, С.Сатыбековалардың еңбектері қазақстандықфарабитану кеңістігін ұлғайта түсті. Алғаш рет əл-Фарабидің «Философиялықтрактаттары», «Əлеуметтік-этикалық трактаттары», «Логикалық трактаттары»,«Математикалық трактаттары», сондай-ақ «Птолемейдің «Алмагесіне» түсініктеме»атты мирастары қазақ-орыс тілдерінде жарық көрді.

    1970 жылдарыкеңестік қоғамның академиялық ортасында әл-Фарабидің (870-950) философиялықмұрасына ерекше қызығушылық пайда болды. Бір қарағанда осы бір  асыл  мұраОрта Азиядағы ойшылдың Отанында, сондай-ақ Ресей мен бүкіл Кеңес Одағындазиялылар  қауымына енді ғана белгілі болабастаған  немесе ежелден беймәлім сияқтыкөрінді. Бұл қызығушылық белгілі бір дәрежеде Ресейде білім алған жәнеакадемиялық шыңдалудан өткен ортаазиялық философтардың өз өңірлерініңзияткерлік келбетін жасауға деген ұмтылысынан туындады. 1970 жылы Алматыда әл-Фарабидіңтаңдамалы философиялық трактаттары үзінділерінің аудармасы жасалды, одан кейінматематика, әлеуметтік-этикалық мәселелер, логика бойынша трактаттарыныңүзінділері жарыққа шықты. Бұдан әрі кеңестік идеологияның қағидаларына сәйкесжасалған философия тарихына әл-Фарабидің қосқан үлесін қорытуға арналғанеңбектер пайда бола бастады.

    Қазақстандаәл-Фараби есімі ХХ ғасырдың 70-жылдары айрықша танымал болды. Бұл ең алдыменәл-Фараби ғұмырнамашыларының  IX-Xғасырларда бүгінгі Қазақстанның аумағында орналасқан Фарабты оның Отаны депсанауына байланысты еді.

    Отандықғалымдардың Фараби мұраларын зерттеудегі еңбектері өте ауқымды болғанын атап өттік.Ал әл-Фарабиді зерттеу шетелдерде осыған дейін болған ба еді? Болса, ол қандайдеңгейде орындалды деген орынды сұрақ туады. Әрине, әл-Фараби сияқты ғаламдықтұлғаның еңбектері көп уақыттан бері әлемнің көптеген ғалымдары тарапынанзерттелініп келеді. Біздің еліміздегі зерттеулер осы үлкен үдерістің жалғасы.Әл-Фараби есімі көптеген Еуропа елдеріне ертеден танымал болып, ХII-ХIIIғасырлардың өзінде-ақ оның философиялық трактаттары ежелгі еврей және латынтілдеріне аударылды. Бірақ әл-Фараби мұрасын жүйелі әрі нақты зерттеу оныңтрактаттарының мәтіні мен аудармаларын басып шығарумен қатар, зерттеу жұмыстарыХVIII-XIX ғасырлардың ортасында шыға бастады.

    Ортағасырлық Еуропа классикалық ежелгі грекфилософиясымен көп жағдайда әл-Фараби еңбектері арқылы танысты. Мәселен, XIIғасырда оның «Ғылымдар классификациясы» деген еңбегі латын тіліне екі ретаударылды. «Альфарабиуса», «Сананың мәні туралы», «Сұрақтар негізі» жәнеАристотельдің «Физика», «Поэтика» еңбектеріне түсініктемелері, «Бақыт жолытуралы» және логикаға байланысты трактаттары мен басқа да еңбектері XIIғасырдан бастап, XVII ғасырға дейін латын тіліне бірнеше рет аударылды. Әл-Фарабидіңкейбір трактаттары осы күнге тек латын тіліндегі аудармалар арқылы жетті, алараб тіліндегі кейбір қолжазбалары, өкінішке қарай,  сақталмаған.

      Алғаш 1481жылы Венецияда әл-Фарабидің риторикаға қатысты екі трактаты латын тілінеаударылса, 1638 жылы Парижде «Ғылым туралы», «Сана және ойлау мүмкіндігі»трактаттары тағы да латын тілінде басылды. Кейінгі ғасырларда ұстаз мұрасынадеген ынта бәсеңдеп, 1836 жылы Август Шмельдерс әл-Фарабидің үш трактатыныңарабша түпнұсқасы мен латынша аудармасын басып шығарғаннан соң, бұл игілікті ісқайта жалғасын тапты. А.Шмельдерстің ізденістерін кейін оның шәкірті П.Бронлежалғастырды.

    ХIХ ғасырдыңсоңында ұстаз мұрасына неміс ғалымдары да баса назар аудара бастады.Алғашқылардың бірі болып М.Штейншнейдер «Әл-Фараби» атты еңбегін жарыққашығарды. Дегенмен ұстаз еңбегін неміс оқырмандары арқылы күллі Еуропажұртшылығына кеңінен таныстырған аса көрнекті фарабитанушы, неміс ғалымыФридрих Дитерици болды. Ол 1890 жылы Лондон, Лейден, Берлин қалаларында сақталғанқолжазбалар негізінде әл-Фарабидің сегіз трактатын араб тілінде шығарса, екіжыл өткен соң бұл трактаттарды неміс тіліне аударып, кең көлемді алғы сөзбенжеке кітап етіп бастырды. Ф.Дитерици 1890-95 жылдарда ұстаздың іргелі еңбегі –«Қайырымды қала тұрғындары» т.б. философиялық трактатын жариялады. Бұлбасылымда әл-Фараби еңбектерін бүкіл батыс жұртшылығына кеңінен таратып қанақоймай, Еуропаның әйгілі философтарының назарын ұстаз мұрасына аударды.Солардың ішінде ХХ ғасыр басындағы атақты неміс философы, «Еуропаның күйреуі»атты еңбектің авторы Освальд Шпенглер болды.

    Оның бұл еңбегі1918 жылы жарық көрісімен-ақ автордың есімін әуелі неміс жұртына, кейін бүкіләлемге мәшһүр етті. Соның нәтижесінде О.Шпенглер әлем философиясы мойындаған ХХғасыр ойшылдары қатарынан ойып тұрып орын алды. «Еуропаның күйреуінде» әл-Фарабиесімі екі рет аталады. Алғашында әлем тарихының морфологиясына арналғансалыстырмалы кестенің «Аяқталған ұлы жүйелер» бөлімінде әл-Фараби есімі жайғана аталып өтсе, кейін Шпенглер: «Арабские мыслители зрелого времени – а срединих были первостепенные умы, как, например, Аль-Фараби», – деп, ұстазойшылдығына өте жоғары баға береді (Шпенглер О., Закат Европы. М., 1998, сс.104, 274). Әйгілі неміс философы осы пікірлердің әсерімен: «Арабская культура –это культура религий откровения – иудейства, христианства, ислама», – деп, арабмәдениеті туралы әділ пікір айтады (Сонда, 359-бет).

    Шындығында,орта ғасырлардан бастап, күні бүгінге дейін батыс қоғамында исламды христиан,яһуди діндеріне қарсы қою тенденциясы жойылмай келеді. Қасиетті Құранда олар«ахл ал-китаб», яғни «кітап түскен адамдар» деп, құрметпен аталады. Исламдатөрт кітаптың төртеуі де (Құран, Таурат, Зәбүр, Інжіл) қасиетті саналып, оларғақұрметпен қарау ұсынылады. Өкінішке қарай, кейбір батыс социологтары мұны көретұра, көргісі келмей, исламды қаралаудан танбай отыр. О.Шпенглер мұны дұрысбайқап, орынды, орнықты баға берген. Бұл, сөз жоқ, әл-Фараби мұраларыноқығаннан кейін туындаған пікір.

    Әл-Фарабидіңкеңестік ғылымға қайтып оралуы жөнінде айтатын болсақ, әл-Фараби туралы орыстіліндегі «Еуропалық энциклопедияда» келтірілген материалдарға ХХ ғасырдың 70-жылдарынадейін айтарлықтай назар аударылған жоқ. Бұл Кеңес Одағындағы гуманитарлық ғылымдамуының бірқатар ерекшеліктеріне байланысты болды. Олардың ішінен жаңаданжасалған марксистік-лениндік ілімнің басымдықтарына академиялық пән ретіндефилософияның бағындырылуын атауға болады. Онда ислам философиясындағыараб-мұсылман ойшылдарының іліміне орын табылған жоқ.

     Отандықфарабитанудағы сүбелі еңбек туралы айтатын болсақ, 1975 жылы Әбу Насыр əл-Фарабидің1100 жылдығына арналған үлкен халықаралық ғылыми конференция Мәскеу, Алматы,Бағдад қалаларында болып өтті. Сөйтіп, Алматы аз уақыттың ішінде əл-Фарабимұрасын зерттейтін ғылыми орталыққа айналып, ол жұмыстар шетел ғалымдарыарасында да кеңінен танымал болды. Сондай-ақ 1975 жылы Мәскеу қаласында белгілішығыстанушы ғалым Б.Ғафуров пен А.Қасымжановтың орыс тілінде шыққан «Әл-Фарабимəдениет тарихында» («Аль-Фараби в истории культуры») атты кітабы араб-мұсылманфилософиясы мен мәдениетін, фарабитанумен шұғылданушы ғалымдар арасында үлкенсұранысқа ие болса, ал 1982 жылы Мәскеу қаласындағы «Мысль» баспасынан ғалымның«Аль-Фараби» атты кітабы жарық көріп, көпшілікке кеңінен танымал болды.Сондай-ақ белгілі жазушы, қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы»атты романы қазақ оқырмандары арасында үлкен резонанс туғызды.

   ҚазақстанРеспубликасы тәуелсіздігінің таңымен қазақтың ғылымы мен білімінің қарашаңырағыатанған Қазақ ұлттық университетіне 1991 жылы Әбу Насыр әл-Фарабидің есіміберілді. Ал 1993 жылы Әл-Фараби ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Орталықтыотандық фарабитанудың негізін қалаушылардың бірі профессор А.Қасымжановбасқарды.

    Әл-Фарабизерттеу орталығында әл-Фараби мұрасын зерттеп, насихаттауға қатыстымонографиялар мен көптеген ғылыми мақалалар жарық көруде. Сондай-ақ әл-Фарабибабамызды әлемдік деңгейде танытуда да іргелі жұмыстар жасалуда. 2010 жылдың 18қарашасында Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде белгілі қоғам қайраткері,ақын Олжас Сүлейменовтің ұйымдастыруымен «Әл-Фараби және еуропалық өркендеудәуірі» атты дөңгелек үстел өтті. Бұл жиынға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарымен қазақстандық фарабитанушы ғалымдар өз үлестерін қосты. Қазіргі таңда Әл-Фарабиатындағы Қазақ ұлттық университетінде арнайы ашылған Әл-Фараби мұражайы жұмысістейді. 

      Айта кетерлікжайт, университет ректоры, академик Ғ.Мұтанов мырзаның бастамасымен Әл-Фарабиғылыми-зерттеу орталығы Халықаралық Абай клубы мен оның президенті, белгіліжазушы Роллан Сейсенбаевпен бірлесе отырып, әл-Фараби  трактаттарын қайта басып шығару жұмысы жолғақойылды. Бұл еңбектердің қайта оралып, жаңарып бастырылуы жас ұрпақ үшін Фарабимұраларын танып-білуде үлкен септігін тигізері анық. ҚР БҒМ қолданбалы ғылыми-зерттеулержұмыстары аясындағы орталықтағы шығармашылық топ әл-Фараби мұраларын зерттеубойынша гранттық жобаларды сәтті жүзеге асыруда.

    2014 жылы 2-12сәуір аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдықмерейтойына орай, тұңғыш рет «І Халықаралық Фараби оқулары» өтті, бұл дәстүржыл сайын жалғасын табуда. Қазақ ұлттық университетінде «AL-FARABI UNIVERSITYSMART CITY» атты Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұңғыш ғылыми-инновациялық жобақолға алынып, іске қосылуда. Әл-Фарабидің әмбебап рухани құндылықтар негізіндеқұрылған «Қайырымды қала» әлеуметтік идеал идеясы осы жобаның маңыздырухани-адамгершілік бастау-бұлағы болып табылады.

    Түйіндеп айтарболсақ, ұлы жерлесіміз, ғұлама ғалым әл-Фараби еңбектері күні бүгінге дейінмаңызын жоғалтқан жоқ. Мұраларының қазақ даласына қайта оралуы және оныңмемлекет басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық, саяси-философиялық,діни көзқарастары қазіргі жаһандану аясындағы қоғамымыз үшін өте маңызды.



Жақыпбек АЛТАЕВ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың философия кафедрасының

профессоры, ф.ғ.д.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

11.08.2020, 07:22
Берешекке белшесінен батқан беткеұстарлар
07.08.2020, 06:39
Коронавирус індеті кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық 21 пайызға өсті - ІІМ
06.08.2020, 07:36
«Біздің әкім белсенді»
04.08.2020, 07:05
Диқандар неге ашулы?
30.07.2020, 07:14
«Қазақмыстағы» қанды оқиға: іс сотқа түсті
29.07.2020, 07:57
Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42