15.04.2019, 22:22
83
Түркістан облысы анимациялық фильмдердің орталығына айналып келеді. Соңғы 2-3 жылдың көлемінде өңірде бірнеше тарихи тақырыптағы анимациялық фильмдер көрерменге жол тартты.
Түркістанда жуырда әлемге әйгіліғұлама әл-Фарабидің балалық шағын баяндайтын «Оқсыздағы оқиға» фильмініңтұсаукесері өтті. Бұлтуындыда әлемге әйгілі ғұлама әл-Фарабидің білімге деген алғашқы қадамы,жаңашылдыққа деген ұмтылысы сипатталады. Фильм«САҚ» киностудиясының өнімі. 3D форматта әзірленген фильмнің ұзақтығы – 25минут. Режиссері – Нуриддин Паттеев, сценариін жазған Бақытжан Құлжабай,композиторы Әйтеке Көптілеу, қоюшы суретшісі Самат Нұралиев.
«САҚ» киностудиясы өткен жылыоблыс әкімдігінің қолдауымен «Күш атасы – Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «КиеліҚазығұрт» анимациялық фильмдерін және «Көне жетігеннің сыры» атты 10 сериялытелехикая мен «Ұлы Жібек Жолы бойындағы көне қалалар» деректі фильмін,«Ордабасы – бірліктің туы» фильмдерін жұртшылыққа ұсынды. Жақында «Түркістан»анимациялық фильмі мен «Төле би» атты 10 сериялы кинохикая да көрерменге жолтартады.
Сонымен қатар облыста ақын-жазушылардыңтаңдамалы 10 кітабы шығарылды. Бұл жинақта республикаға және облысқа белгілі 22қаламгердің шығармалары қамтылды.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР