Ала-құла аламан

12.11.2019, 18:01

32

Қазақстанпремьер-лигасы.

10 қараша.33-тур

«Тобыл» – «Ақтөбе» – 2:1 (Себаи, 30, Тұрысбек, 58 – Сәулет, 39)

«Астана» – «Ертіс» – 0:2 (Манзорро, 43, Мингазов, 68)

«Қайрат» – «Атырау» – 2:1 (Жуков, 18, Есеола, 70 – Дугалич, 76-өз қақпасына)

«Ордабасы» – «Тараз» – 3:0 (Жоао Паулу, 5, Диакате, 53-пенальтиден, Щеткин, 80)

«Қайсар» – «Оқжетпес» – 1:1 (Барсегян, 40 – Нөсербаев, 84)

«Жетісу» – «Шахтер» – 3:2 (Степанюк, 30, Адамович, 38, Тошев, 52 – Зенев, 10, Нұрғалиев, 63)

1.  «Астана»: рекорд үстіне рекорд

Соңғы турда «Ертіске» өз алаңында жеңілсе де, «Астананың» биылғы көшбасшылығынаселкеу түскен жоқ. Бір ғана мәселе бар: биыл елордалық команда сегіз рет жеңілседе, чемпион атанды. Бұған дейінгі бес чемпиондығында «Астана» тек 2015 және2016 жылдары ғана бес реттен тізе бүккен еді. Биылғы дерек 2019 жылғыпремьер-лига додасының тартысты болғанын ғана емес, ешбір команданың өзгелерденқара үзіп кете алмағанын көрсетеді.

Шындығында, «Астана» 2017 жылдан бері чемпиондық рекордын жаңартып кележатыр. Өйткені Қазақстан премьер-лигасы тарихында ешбір команда төрт рет қатарынанчемпион атанып көрмеген еді. 2017 жылы осындай жетістікке жеткен соң, 2018 және2019 жылдары «Астана» осы рекордқа тағы екі рет түзету енгізді. Оған дейін «Ақтөбе»ғана 2007-09 жылдар аралығында үш жыл қатарынан чемпиондық атақты иеленген еді.Ал «Елім-ай» (1994-95) және «Ертіс» (2002-03) екі жыл қатарынан көш басындаболды.

«Астананың» биылғы екінші рекорды да біраз жыл ешбір команданың уысына түспеуімүмкін. Елордалықтар алтыншы рет мәреге бірінші болып жетті. Бұған дейін бес дүркінчемпиондар қатарында «Ертіс» пен «Ақтөбе» де бар еді. Бірақ биылғы чемпионат қорытындысында«Ақтөбе» І лигаға түсіп қалды. «Ертіс» соңғы жылдары премьер-лигада жан сақтаудыбасты мұрат тұтып жүр. Павлодарлықтар чемпион атанбағалы 16 жылдан асты.

Ал қатарынан алты рет чемпион атану жетістігіне басқа ұжымдар алдағы 10 жылішінде қол жеткізбесе, әзірше ешкімнің қолынан келетін шаруа болып көрінбейді.Демек, «Астананың» бұл рекордының мұрты да жуық арада бұзыла қоймайды.

2.  «Қайрат»: екінші сатыда туғандар

Алматылықтар биыл негізгі қарсыласынан бір ұпай ғана артта қалды. Бұған қарапчемпионаттың басты мәселесі соңғы турда ғана шешілді деуге болмайды. «Қайрат» қатарынанбесінші жыл күміс жүлдегер атанып отыр. Бұл да өзіндік рекорд. Бес жылды қойып,қатарынан үш маусымда доданы екінші сатыда аяқтаған ешбір команда жоқ.

Өткен жылы чемпион «Астана» мен күміс жүлдегер «Қайрат» арасындағы ұпайайырмашылығы 15 болып еді. Биыл «Қайрат» елордалықтарды оншалық шығандатқан жоқ.

Тағы бір ерекшелік: 2014 жылдан бері «Қайрат» ел кубогының финалында бесрет ойнап, төрт рет жеңімпаз атанып еді. Биыл бұл рекорд бұзылды. Алматылықтарширек финалда өз алаңында «Тобылдан» ойсырай жеңіліп (1:5), кубок жолынан шығыпқалды.

3.  «Ордабасы»: егесте ерек шыққандар

Шымкенттіктер өз тарихында екінші рет қола жүлдеге қол жеткізді. 2017 жылыолар алғаш рет үздік үштікке енгені есімізде. Биыл чемпионаттың өн бойында«Ордабасы» бірнеше рет бас жүлдеден үміткер ретінде көрініп, соңында «Тобылды»артқа тастады. Қола жүлде үшін тартыста «Ордабасы» «Тобылды» Қостанайда 2:1есебімен жеңіп кетті. Үшінші тұғыр тағдыры тікелей сол матчта шешілгеніне күмәнжоқ.

Биыл «Ордабасы» алты кездесуде ғана қарсыластарына есе жіберді. Бұл көрсеткішбойынша шымкенттіктер чемпион «Астанадан» да алда тұр. Алайда тең ойындарды көбірекөткізгендіктен (сегіз кездесу), турнир кестесінде төменірек тұруға мәжбүр.

4.  Мергендер көші: «Қайрат» алға шықты

Биылғы мергендер бәсекесі де тартысқа толы болды. 29-турда қос доп соққансоң, «Қайраттың» мергені Адеринсола Есеола 18 голмен басқа қарсыластарынан ұзапкеткендей еді. Ендігі егес командаласы Мартон Еппелмен (16 доп) екеуара ғанаболатындай көрінді. Тіпті 5 қазандағы «Қайрат» – «Ақтөбе» кездесуінде Еппел қақпағатепкен допқа соңғы болып Есеола аяғын тигізіп, өз есебіне жазғанда, венгриялықшабуылшы қатты өкінгендей көрінген. Бірақ 31-тур аясындағы «Астана» – «Ақтөбе»кездесуінде хорват вингері Марин Томасов «Айды аспанға шығарды»: ол Равиль Нұрмұхаметовқорғаған қақпаға бірден төрт доп тоғытып, жиыны 19 голмен көш басына шығыпкетті. Соңғы турда Есеола «Атырау» қақпасын дәл көздеп, Томасовпен теңесті.Демек, Томасов пен Есеола – премьер-лиганың биылғы бас мергендері. ДегенменЕсеола барлық добын ойын сәттерінде соққандықтан, «астаналық» бәсекелесінен бірсаты алда болып есептелетіні анық. Томасов бір допты пенальтиден енгізді.

 «Қайрат» командасы жыл мергендері жағынанбірінші орынға шықты. Осымен алтыншы рет «Қайраттың» футболшылары маусымның үздікмергені атанып отыр: 1999 жыл – Р.Ағабаев (24 гол); 2004 жыл – А.Тлехугов (22);2015, 2016 және 2017 жылдар – Ж.Гоу (22, 22, және 24); 2019 жыл – А.Есеола(19). Бұған дейін «Ертістің» және «Тобылдың» шабуылшылары бес маусымда басмерген атанған еді.

Ал екі футболшының үздік мерген атануы үшінші рет болып отыр. Алғаш рет2004 жылы «тобылдық» Ұ.Бақаев пен «қайраттық» А.Тлехугов 22 доптан соғып, мәрегеқатар жетіп еді:

1.  2004 жыл.Ұ.Бақаев («Тобыл»)/А.Тлехугов («Қайрат») – 22

2.  2009 жыл.М.Тілешев («Ақтөбе»)/В.Байрамов («Тобыл») – 20

3.  2019 жыл.А.Есеола («Қайрат»)/М.Томасов («Астана») – 19

Осыған дейін тәуелсіз Қазақстанның 28 чемпионаты өтсе, соның 15-інде бас мергендерсоққан доп саны 20-ға жетпепті. Биыл Есеола мен Томасов та екінші ондыққа біргол жетпей тоқтады: 1997 (Н.Мазбаев, «Тараз», 16 доп), 2002 (Е.Лунев, «Шахтер»,16), 2003 (А.Финонченко, «Шахтер», 18), 2006, 2007 (Ж.Ырысметов, «Алматы», 17доптан), 2008 (А.Голбан, «Тобыл», 13), 2010, 2011, 2012 (Ұ.Бақаев, «Тобыл» және«Ертіс», 16, 18, 14), 2013 (И.Зенькович, «Шахтер»/«Ақжайық», 13), 2016(Ф.Кетевоама, «Астана», 16), 2018 (М.Пизелли, «Ақтөбе», 18), 2019 (А.Есеола, «Қайрат»/М.Томасов,«Астана», 19 доптан) маусымдарда мергендер 20 голға жеткізе алмады. Соңғыонжылдықта премьер-лига мергендері бұл көрсеткішке жеті жыл жете алмапты.

Қазақстандық шабуылшылар мергендер көшінде үздік шықпағалы да 10 жылданасты. Соңғы рет Мұрат Тілешев 2009 жылы «Ақтөбе» сапында бас мерген атанғанеді.

5.  Қара көбейтушілер мен аутсайдерлер

Жеңіс дәстүрін қалыптастырған командалардың көп ішіне сіңісіп, қара көбейтіпжүргені де жанкүйерлерге ауыр тиеді. Өткен жылдан бергі «Шахтер» мен «Ертісті»осы қатарға қоспасқа лажымыз жоқ. Былтыр екеуі де премьер-лигада қалу үшінжанталасты. Тіпті «Ертіс» Шымкенттің «Қыран» командасымен қосалқы ойындарға қатысуғада мәжбүр болды.

Биыл осы екеуінің шекесі шылқып кеткен жоқ. «Ертіс» жыл басында Д.Димитровжасақтаған команданың быт-шытын шығарып, саудаласып-соттасып жүріп әзер жан сақтады.Димитров командаға алған М.Сисей, М.Райымбек, Р.Каньяс, К.Дубра, А.Дарабаев,С.Лунин, Б.Тәңірбергенов, О.Балтабаев, М.Миросавлев сияқты футболшылар жаздажан-жаққа кетті, команданың өз түлектері П.Шабалин, А.Цирин, Н.Калмыковтар да қажетсізболып қалды. Нәтижеде «пентакампеондар» серб бапкері М.Милановичтіңжетекшілігімен премьер-лигадағы орнын зор күшпен сақтап қалды.

«Шахтер» аламанды әркелкі бастағанымен, бірте-бірте ортанқол ұжымғаайналды. Мықтыларды жеңіп, әлсіздерге есе жіберетін «аурудан» арыла алмады. Маусымсоңына қарай қарағандылықтар жоғарыға тіпті де ұмтылған жоқ. Болгариялық маманН.Костов әрбір баспасөз мәслихатында түрлі желеу айтқанымен, маусым соңында«Шахтер» 9-шысатыда қалды. 24 тамыздан кейін бұл команда10 ойында да жеңіске жете алмады: екі ойында ғана тең түсті, сегіз кездесуде жеңілді.

Биылғы чемпионаттағы ең сүреңсіз команда «Атырау» екені сөзсіз. Бұл ұжымдымаусым барысында төрт маман жаттықтырды. Бас бапкер міндетін Қуаныш Қабдолов үшрет уақытша атқарғаны да «мұнайшыларда» береке болмағанын анық айғақтаса керек.Әрине, соңғы үш жыл қатарынан ел кубогының финалына шығуын жетістік санауғаболар. Бірақ төрт маманға тізгін беріп, 33 ойында 36 футболшыны пайдалану деген– антирекордтардың көкесі болса керек. В.Кумыков шақырған футболшыларды О.Дулубжақтырған жоқ, Дулубқа ұнаған бірнеше футболшы соңғы турға жетпестен бет-бетінекетті. Маусым барысында «Атыраудан» 14 футболшы кетіпті. Бұл дегеніңіз – біржылға жоспарланған бюджет бірнеше рет қайта қаралып, еркін агенттерге ұсынысжасап, «бірнеше кеменің құйрығын ұстағанмен» тең. Қаладағы «Мұнайшы» және«Судоремонтник» стадиондары да маусым басында премьер-лига ойындарына лайықболмады. «Мұнайшыға» кейін жасанды алаң төселді, бірақ команданың ойыны жақсарыпкеткен жоқ.

«Ақтөбенің» премьер-лигадан төмендеуі өте өкінішті. Бір кездеріеурокубоктарда Қазақстан намысын өте абыроймен қорғаған команда еді. Бірақ тығырыққатірелгеніне қарамастан, жергілікті жастар өте жақсы ойын көрсетті. А.Әйімбетов16 доп соғып, мергендер көшінде үздік шабуылшылар қатарына енді. Маусымортасында С.Марьянович, М.Радин сияқты легионерлері шетке кетіп, Х.Милишевичпен М.Пизелли ауыр жарақат алса да, ақтөбелік жастар әр ойында майдан салды. ДегенменФИФА-ның 12 ұпайды қиып тастауы, жаңа футболшыларды тіркеу мүмкіндігінің жоқтығыкоманданы еркінен тыс тізерлетті. Келесі маусымда «Ақтөбе» бірінші лигадан маңдайынжарқыратып озып шықса, жанкүйерлер қатты қуанатыны анық.

«Тараз» өз жастарының күшімен бірсыдырғы өнер көрсетті. М.Сейсен,Б.Шадыманов, Г.Кан сияқты жастар жаңа есім ретінде танылды, М.Әмірханов, Ә.Сүлей,А.Таубай сияқты жігіттер премьер-лига дуына әбден қалыптасқанын аңғартты. Енді«Тараз» «Ақжайықпен» қосымша екі ойын өткізіп, бас лигадағы орнын сақтап қалуғатырысады.

Премьер-лигаға «Қызылжар» және «Каспий» командалары тікелей жолдама алды.

6.  Маусымның есте қалар деректері

а) Биыл 198 кездесуде 513 доп соғылды (әр ойынға – шамамен 2,58 гол). Бұл өткенмаусыммен салыстырғанда көбірек: 2018 жылы 471 доп (шамамен 2,38 гол) соғылғанеді;

ә) Биыл 42 пенальти белгіленіп, соның 33-і қақпаға енді (79 пайыз). Өткенмаусымдағы пенальтилер саны көбірек болды: 49 пенальтидің 39-ы соғылды;

б) 1:0 есебі ең көп тіркелді (42 рет). Жалпы,17 түрлі есеп кездесті. Оныңішінде 6:2, 5:3, 6:0 деген экзотикалық нәтижелер де бар;

в) Ең ұзақ жеңіс сериясы «Тобылға» тән. Қостанайлықтар 18 мамыр-30 маусымаралығында алты кездесуде («Атырау» – 3:0, «Тараз» – 1:0, «Шахтер» – 2:0, «Ақтөбе»– 1:0, «Оқжетпес» – 2:0, «Жетісу» – 1:0) қарсыластарын тізерлетті. «Ордабасы»20 сәуір-5 мамыр аралығында төрт ойында тең ойнап, ең ұзақ серия жасады.«Атырау», «Тараз», «Шахтер» командалары тамыз-қыркүйек айларында бес ойында қатаржеңіліп, сәтсіздік сериясын тіркеді;

г) Ең нәтижелі команда – «Астана» (67 гол), ең қорғанысы мықты ұжым –«Ордабасы» (24 доп). Өткен жылы «Астана» ең нәтижелі (66) және ең қорғанысы мығым(22) команда болған еді;

ғ) Биыл қақпаларға 10 автогол, 33 пенальти, 1 покер, 3 хет-трик, 42 дубльсоғылды.

Қорытынды кесте

                                      О Ұ Т Ж Д Ұп

1.  «Астана»                 3322 3 8 67:28 69

2.  «Қайрат»                 3322 2 9 65:32 68

3.  «Ордабасы»             3319 8 6 52:24 65

4.  «Тобыл»                  3319 6 8 45:27 63

5.  «Жетісу»                  3316 8 9 45:25 56

6.  «Қайсар»                 3312 6 45 37:43 42

7.  «Оқжетпес»             3311 7 15 44:49 40

8.  «Ертіс»                     3311 4 18 30:45 37

9.  «Шахтер»                 339 8 16 40:47 35

10.  «Тараз»                  33 7 8 18 28:60 29

11.  «Атырау»                33 6 8 19 25:58 26

12.  «Ақтөбе»                33 7 6 20 37:75 15*

*«Ақтөбенің» 12 ұпайы алынған.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 11:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 18:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 14:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 14:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 13:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 16:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға

Аңдатпа


  • Мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек
    29.10.2020, 11:03
  • Қайда кеткен? Қоймада коронавирустан емдейтін 12 дәрі жоқ болып шықты
    28.10.2020, 16:24
  • Kaspi.kz сервистері жұмыс істеп тұр
    28.10.2020, 15:38
  • Жалт етіп сөнген бір жасын
    27.10.2020, 09:53
  • Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады
    26.10.2020, 10:04