Алакөл 6 миллиард теңге пайда әкелді

26.09.2018, 18:46

64

Емдік суы мен салқын-сабат ебідей желі елдің аңсарына айналған Алакөлде биыл бір миллионнан астам турист демалды. Нәтижесінде, көл жағасында орын тепкен Ақши және Көктұма демалыс аймақтарында  200-ден астам демалыс орны үзіліссіз қызмет көрсетіп,  осы салада екі мыңнан астам адам маусымдық жұмыспен қамтылған. Қазір мұнда алыс-жуық шетелден келген демалушылардың қарасы да молая түскен. Оған себеп, айдынды көлдегі сервистік әлеуеттің көтерілуі. Бұл туралы облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ өңірдегі туризм мәселеріне орай өткізген жиынның кезекті бірінде жеткізді. [caption id=«attachment_18222» align=«alignnone» width=«640»]Фото: .taldyk.info[/caption] -Елбасының тапсырмасымен Алматы облысының туристік тартымдылығын насихаттау мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Биыл бір ғана Алакөлдің жағалауына миллионнан астам турист келіп, суы – шипа, ауасы – саф демалыс орнында тынығып қайтты. Олардың ішінде шетелдік демалушылардың да үлесі басым. Бүгінде Алакөлдің халқаралық демалыс аймағына айналуына алғышарттар жасалуда. Осы ретте республиканың әр түкпірінен жол азабын тартып келетін туристер үшін мақтанышпен айтатын бір жағымды жаңалығымыз – Алматы – Өскемен, Үшарал – Достық республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу жұмыстары басталып кетті, – дейді Амандық БАТАЛОВ.Айта кетейік, биыл Алакөлде 17 жаңа нысан құрылып, 74 жұмыс орны ашылған. Бұл былтырғы жылға қарағанда 1,7 % жоғары. Аймақтағы көрсетілген қызметтер көлемі 2014 жылдың деңгейімен салыстырғанда былтырдың өзінде 9 есе өскен. Яғни, 2017 жылы бұл бағыттағы түсім көрсеткіші 3,5 млрд. теңгеге дейін өскен болатын. Ал биыл бір Алакөлде көрсетілген қызметтік құнның өзі 5 млрд. 861 млн. теңгеге жетті.  Сөйтіп, бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар облыс экономикасының, соның ішінде туризм саласының үдемелі түрде дамуына оң серпін беріп отыр.Алакөл көлінің жағалауын дамыту мақсатында  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «McKinsey & Company» халықаралық консалтингтік компаниясы, 2019-2023 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының туризм саласын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының жобасын  әзірлеуде.[caption id=«attachment_18223» align=«alignnone» width=«690»]Фото: zakon.kz[/caption]Қазір Жетісудың жеті жауһарының біріне айналған аймаққа келетін туристердің басым бөлігі ішкі демалушылар. Ал алыс-жуық шетелден ат арытып келетін саяхатшылардың қатарына көбіне Ресей, Түркия, Венгрия, Украина, Қытай секілді мемлекет туристері кіріп отыр. Осыған байланысты өңір басшысы тағы бір жағымды жаңалықты бөлісе кетті.-Шетелдік туристердің аталған көлге бұлай қызығушылық танытуының да өз себебі бер. Өйткені, Алакөл көлі табиғаты көркем демалыс орны ғана емес, ол Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқандықтан, ерте тарихта еуропалық саяхатшы, керуеншілердің емделер «шипажайына» айналған орын. Мысалы, бізге Ресейдің Новосибирск қаласынан да ұсыныс түсуде. Нақтырақ айтқанда, көрші елдің туристері Үшаралға тіке қатынайтын әуе рейсін ашуымызды сұрап отыр. Қазір біз оны жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырудамыз. Шетелден бізге келетін туристердің басым бөлігі түстіктегі көрші елдің демалушылары құрайтындықтан біз мұндай тиімді сұраныстарды тыңғылықты ойластыратын боламыз, – деді Амандық Ғаббасұлы.Демек, облыс басшысының сөзіне сүйенсек, Алакөл – шипалы қасиетімен де танымал, қай қырымен де халқаралық туризм ошағына айналуға сұранып тұрған жер.  Соның дәлелі, қазірде емдеу-сауықтыру туризімін дамыту бойынша Ақтүбек ауылында «Алакөл – Арасан» балшықпен емдеу-сауықтыру орталығы жұмыс істеп келеді.Бүгінде отандық туризмның тез қанат жаюына кедергі фактор ретінде жол мәселесінің айтылатыны рас. Осыған орай, өңір басшысы аталған көлдің туристік әлеуетін арттыру мақсатында инфрақұрылымды дамыту жұмыстарының да жүйелі жүргізіліп келе жатқанын атап өткен болатын.Мәселен, 2017 жылдың жазы Алакөл демалушылары үшін керемет жаңалықпен басталған-ды. Нақтырақ айтқанда, осы жылы облыс тарихындағы үлкен оқиғалардың бірі – Үшарал аэропортының салтанатты ашылуының өтуі еді. Қазіргі уақытта аталмыш әуежайдан «Астана-Үшарал-Астана», «Үшарал-Талдықорған-Үшарал» авиарейстері аптасына 3 рет, «Алматы-Үшарал-Алматы» аптасына 5 рет ұшады.Ең кереметі де сол – бұл рейстерді субсидиялауға республикалық және жергілікті бюджеттен 431,2 млн. теңге көлемінде қомақты қаражат бөлініп отыр. Соның есебінен республиканың түкпір-түкпірінен келіп демалушыларға билет бағасы да біршама жеңілдетілген.Айталық, Астана-Үшарал-Астана бағыты бойынша ұшуды көздесеңіз, билетке деп қалтаңызға 16000 теңге салсаңыз жеткілікті. Ал Талдықорған-Үшарал-Талдықорған бағыты бойынша жол алсаңыз, әуедегі сапар құны оның қақ жартысы, нақтырақ айтқанда, 8000 теңге деп білгіленген. Келесі бір сапар нүктелері ­– Алматы-Үшарал-Алматы бағыты бойынша да қолжетімді баға ойластырылған. Аталған қашықтықтағы билет бағасы 10000 теңгеден аспай отыр.Әуені айтпақшы, Алакөлге қарапайым халыққа тиімді саналған көлік – отарбамен жетудің де мүмкіндігі артуда. Бүгінде Ақши ауылындағы теміржол вокзалының құрылыс жұмыстары аяқталып, қолданысқа берілді. Сонымен бірге,  Алматы-Жетіген-Достық теміржол қатынасы жергілікті бюджет арқылы 85,0 млн. теңгеге субсидияланғанын да айта кеткен жөн. Соның нәтижесінде, тасымалдауға жауапты компания ретінде “Тұран Экспресс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тартылыған. Олар демалушыларға аптаның үш күнінде тиімді қызмет көрсетеді.Биыл, Ақши ауылынан демалыс орындарына дейінгі жолдарды қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Жобаның жалпы құны 3,036 млрд. теңгені құрады, жолдың ұзындығы 23,8 шақырым. Енді биылғы жылы осы ұзын жолдан демалыс орындарына баратын тарамдалған көлденең жолдарға күрделі жөндеу жұмыстары басталған.Сондай-ақ Ақши ауылында дәрігерлік амбулатория ашылған, онда штат кестесіне сәйкес екі медициналық қызметкер бар. Күнделікті 25 адам қабылдауға лайықталған. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың қараша айынан бастап полиция учаскесі пайдалануға берілді.Алакөл экологиясындағы түйіткілді мәселенің бірі ретінде көл жағалауының шайылуы айтылатыны белгілі. Демек, бұл алда жағалаудың «қорғаныс» деңгейін нығайту мәселесі тұр деген сөз. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар қолға алынған. Мысалы, Алакөл көлі жағалауына бөгет салу нысаны құрылысының жобалық сметалық құжаттарын «GEO TREK» ЖШС мекемесі  әзірлеп жатыр. Жобалық сметалық құжаттарды әзірлеуге 20 млн.теңгенің үстінде қаражат бөлінген.  Барлығы 15 256 метрге бөгет құрылыстарын жүргізуді қажет етеді.Бұдан бөлек, аймақта коммуналдық мәселелердің шешілуі де басты назарға алынған. Айталық, Ақши демалыс аймағын жалпы ұзындығы 62 шақырымды құрайтын орталық кәріз жүйесімен қамту мен 7 гектар жерге тазарту нысанының құрылысын жүргізу көзделген. Бүгінде аталған нысандардың жобалау сметалық құжаттары дайындалуда. Аталған жобаны Астана 2017 халықаралық мамандырылған көрмеде (EXPO-2017) көрсетілген Финляндияның WAVIN Labko (Қазақстандағы фирмасы –  «Вел-Астана» – ред.) фирмасының инновациялық-технологиялары негізінде салу жоспарлануда.Мамандардың пікірінше, жоба толыққанды іске асқан кезде онда тәулігіне 6000 куб кәріз суы тазаланады. Бұл енді аталған ұйықтағы демалыс нүктелерінің тазалығына саятын мәселе екені анық.Тазалық демекші, туризім саласында бұл да демалушылардың назарын аударып, наразылығын тудыруы мүмкін өзекті мәселе. Енді, осы туралы аз-кем тоқталып өтсек. Бүгінгі таңда Алакөл ауданы Ақши ауылы көл жағалауының санитарлық тазалығын «Алакөл Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны қамтамасыз етуде. Онда оннан аса адам тұрақты жұмыс істейді. Сонымен қатар, бұл мақсатта 7 арнайы техникасы жұмылдырылған.  Бүгінде аталған кәсіпорынның жарғылық капиталын 395 000 000 теңгеге ұлғайтуға арнайы есептері мен бюджеттік өтінім берілген.  Бұл қаржы тазалыққа қажетті түрлі техникаларды сатып алу үшін сұралып отыр. Қазіргі кезде кезекті мәслихат сессиясының шешімімен аталған соманың 200 млн. теңгесі берілді. Сондай-ақ, жұмысшылар санын қыс мезгілінде тағы 5 адамға, жазғы мезгілде 50 адамға ұлғайту жоспарлануда.Осы ретте, тағы бір атап өтер жайт, құтқару қызметі болса керек. Себебі, Алакөлдей жағалауы көбінесе тіктеу әрі терең келетін көл үшін құтқару қызметінің көп рөл атқаратыны рас. Ақши ауылында бұл міндетті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Алакөл өңірлік құтқару бөлімі жауапкершілігіне алған. Тәжирбелі мамандардан жасақталған бөлімде қазір 13 адам жұмыс істейді. Мәселен,  құтқарушылар биылғы жылдың өзінде  25 адамды тілсіз жаудан арашалап қалған.Облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Әшімбаеваның айтуынша, 1998 жылы құрылған «Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы» экологиялық туризмді дамытуға зор үлес қосуда. Қорық аймағында 300-ден астам құс мекендейді, олардың 40-тан астамы ҚР Қызыл кітабына кірсе, реликті шағала әлемдік «Қызыл кітапқа» енген. Қорық қызметкерлері экологиялық және танымдық туризмді дамыту мақсатында 5 туристік бағыт ұйымдастырған. Аталған сапар желісінің екеуі қорық аймағымен өтеді.Сонымен қатар, агротуризімді дамытуға ауданның Лепсі, Жыланды өңірлері өте қолайлы. Осы салада былтырғы жылы «Жер-Су» инвестициялық-өндірістік корпорациясының бастамасымен Лепсі ауылына Белоруссия мемлекетінің «Беловежская пуща» жерінен 8 бас зубр жеткізілді. Бүгінгі күні республикамызда 18 зубр болса, соның 10-ы — «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, 8-і — Лепсі ауылында. Сондай-ақ, Жыланды ауылдық округіне қарасты Көкжар учаскесінде 123 бас қодас өсіріледі.Бұдан бөлек, бұл аймақта қысқы туризм мәселесі де жолға қойылып келеді. Әрине, бұ бағыттағы жұмыстар көбіне спорттық туризм түрлеріне негізделген. Ашып айтар болсақ, қыс түсе көл аумағында балық аулаудың тамашасы басталса, таулы аймақтарда шаңғы және шанамен сырғанау көптеп ұйымдастырылып отырады.Басты фото: zhasalash.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    13:30
  • Солтүстік Қазақстанда бүтін бір ауыл қар суын ерітіп ішіп отыр (видео)
    27.11.2020, 09:35
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16