Алакөл адам танымастай өзгереді

22.05.2018, 18:54

57

Жаз шықса, Алакөлдің жағалауы демалушы жандарға лық толуы үшін жергілікті билік қолдан келгеннің бәрін жасауда. Әйтеуір, екі өңірдің ортасында жарқырап жатқан осынау үлкен айдынның инфрақұрылымын дамытуға Шығыс Қазақстан облысы шындап кірісе бастады.Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдиннің айтуына қарағанда, Алакөл жағалауына биылғы жылы жалпы құны 2 млрд 511 млн теңгенің жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, Мақаншы–Жалаңашкөл автокөлік жолын орташа жөндеу жұмыстарын аяқтау, Қарабұлақ–Қабанбай автокөлік жолын жөндеу, Қабанбай ауылындағы мәдениет үйін қайта жаңғырту жұмыстары, «Мақаншы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының материалдық-техникалық базасын нығайту, жылжымайтын мүлік нысанын сатып алу, көл жағалауын абаттандыру жұмыстарына қаржы қарастырылуда. Сондай-ақ Семей мен Өскеменнен Жалаңашкөл стансасына аптасына екі рет пойыз қатынайды.Бұл, әрине, қазақстандықтардың шипалы Алакөлде демалуына мол мүмкіндік береді. Сондай-ақ Үржардан Астанаға тікелей әуе рейсі қайта жанданбақ.Дегенмен де Алакөлдің бойындағы демалыс орындарының иелері салықты табысына сай төлемей отырғаны жасырын емес. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Марат Қабақов салық органына өткен жазда барлығы 97 мыңнан астам демалушы келді деген ақпарат берілгенін айтады. Басқарма бұл ақпараттың жалған екенін өзге дереккөздер арқылы дәлелдепті.– Біз ұялы байланыс операторлары арқылы жаз маусымында Алакөлдің аумағында қанша абонент болғанын анықтадық. Олар ұсынған ақпарат бойынша, бір жазда 378 мың адам келген. Осыдан-ақ демалыс базалары ақпаратты қаншалықты бұрмалағанын көруге болады, – дейді Марат Қабақов.Ал облыс басшысы Даниал Ахметов Алакөлге келіп демалатын жандардың саны бұдан да көп деп ойлайды.– Сіз айтып отырған 378 мың адамға телефон ұстамайтын балаларды қосыңыз. Сонда бір жазда біздің Алакөлге 500 мыңнан астам адам келеді деген сөз. Бір ғана Алакөлде туристік маусым кезінде 11,5 млрд теңгенің айналымы жүретінін анықтадық. Ал содан түскен салық мөлшері 24 млн теңге ғана. Ең төменгі 3 пайыздық мөлшермен есептегеннің өзінде, бюджетке 330 млн теңгеден астам салық төленуі керек болған. Яғни демалыс орындары салықтан жалтарып отыр, – деді облыс әкімі.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Қабырғасы қақыраған құрылыстан қашан құтыламыз?
    28.11.2020, 11:09
  • Қазақстанда қылмыстың 12%-ын әйелдер жасайды
    28.11.2020, 16:52
  • 30 пайыз: «Шымбұлақ» жаңа маусымды карантиндік шектеулермен бастады
    28.11.2020, 13:30
  • Жастарға жол бермей жатқан ешкім жоқ
    27.11.2020, 09:16
  • Автовокзалға баласын тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды (видео)
    27.11.2020, 11:36