Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:08, 31 Шілде 2023

Алакөлде ер адамның аяғын гидроцикл жұлып кетті

None
None

Әлеуметтік желіде демалыста жарақат алған ер адамның видеосы тарап жатыр. Белгілі болғандай, видео Алакөлде түсірілген.

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шегушінің жағдайы туралы айтып берді.

Оқиға 30 шілде күні Алакөлде ер адам демалып жатқан кезде болған.

«Бүгін Алакөл көлінде гидроцикл ер адамды қағып кетті, зардап шегушінің аяғынан айрылды. Мәліметтер нақтыланып жатыр», — делінген видеоның астындағы сипаттамада.

Посттың астына ондаған пікір қалдырылған әлеуметтік желі қолданушылары ер адамның демалыста жарақат алғанына наразы.

"Қауіпсіздік нөл. Адамдарды қорғамайтын туризмді неге ашу керек", «Кінәлі адамды қатаң соттау керек», «Сауығып кетсін» деп жазады посттың астына әлеуметтік желі қолданушылары.

Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен ер адам 1984 жылы туған. 30 шілде күні сағат 16.00-де ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.

«31 шілдедегі жағдай бойынша науқастың жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратында», — деді баспасөз қызметі.

Бұл оқиғаға облыстық полиция департаменті де түсініктеме берді.

«Аталмыш факті бойынша Алакөл аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабына сәйкес жүргізілуде» (Темір жол қозғалысы немесе темір жол көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, әуе, теңіз немесе су көлігі).Қылмыстық іс аудандық ішкі істер басқармасының басшылығы тарапынан ерекше бақылауға алынды", — деп хабарлады Жетісу облыстық ДП.

Тегтер: