«Алакөлдегі дәрет суының кесірінен ауа жұта алмай отырмыз»

13.08.2019, 17:58

4

Айдынды АлакөлдіңАлматы облысы жағындағы бөлігіне құйылған лас судың ақ-қарасы тексеріліп, жағдай жұртқа енді түсінікті бола бергенде, Шығыс жағынаншу шықты. 

Анығын айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы Қабанбайауылдық округінің тұрғындары іргедегі (аралығы- бес шақырым шамасында)Алакөлдің демалыс үйлерінен сорылған кәріз судың исінен түнде ауа жұту мүмкінеместігін айтады. Ел аузында Жарбұлақ аталатын ауылға жолымсыз түскенде бір топ қарияның тілге тиек еткені де осымәселе.


«Ауылдың ішімен өтетін жаңағы «гавновоздардан» қорлықтыңкөкесін көріп отырмыз. Көл жағасындағы демалыс үйлері иелеріне жалданып, кәрізсуларын сорып алады да, көз алдымыздан көлбеңдеп өте шығып, трассаның ар жағынаапарып лақылдата төгіп жатыр. Күніне қаншама рет өтеді. Осыны жөнеге келтіретінкім бар? Білмеймін. Былайғы қоқыстан да ол жерде аяқ алып жүргісіз. Ауылда 1 мыңнанастам отбасы бар. Түнде есік алдына шықсаң адамша ауа жұта алмайсың», -дейдіҚабанбай ауылдық округінің тұрғыны Қалдыбай ҚҰНДАҚБАЕВ.

Облыстағы туризмді дамытудың негізгі көзіндей Алдакөлдің дәл іргесіндегі ауылдыңахуалы расында да күнделікті осылай екен. Үш-төрт шақырым жердегі қоқысполигонына беттегенімізде әдемілігі көздің жауын алатын демалыс үйлерінің кәрізжүйесіндегі лас суларды «сіміріп әкелген» цистерналы автомашиналар, тығынынағытып,  жердің бетіне «шаптырып»жатқанын да көрдік.

Алайда, қызметіне қанша ақы алатынын, күніне қанша тасымалжасайтынын нақты айтпақ түгілі, жүргізушілер аты-жөнін «ұмытып қалып» ат-тонынала қашты. Тек атын айтудан бас тартқан біреуі өзінің осы ауылдан екенін айтакеліп, жергілікті жігіттер өздері төгетін арнайы орын бар екенін, басқаларды дасоған көнуге шақырғанымен, нәтиже жоқтығын айтып шағымданды. «Біз қолымыздан келгенше жинақтаймыз.Бірақ, ауылдың қоқыс жинайтын техникалары сасық екенін айтып, бұл жерге келіпкөмектесуге аттап баспайды. Осы жердегі тасмалшылардан үшеу ғанамыз. Қалғаныныңбәрі сырттан келгендер» дейді әлгі азамат.

Мәселенің мән-жайытүсінікті болғанымен, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің де айтар өз уәжібар болып шықты. Алакөлдің басына бір қап құжатын құшақтай жеткен Үржар ауданыәкімінің орынбасары Дидар ХАМИТОВ өздерінің «ойнап жүрмегенін» дәлелдугетырысқан сөзіне сенсек, туристерден қалған кәріз суы рұқсат етілген жерге төгіліп жатыр. Ал, Қабанбай ауылының мыңнан астам тұрғындары дәл іргелерінде төгіліп жатқан сол сасық судан күндіз-түні демала алмай жүргендері Үржар ауданы әкімінің орынбасары Дидар ХАМИТОВТЫ мүлдем толғандырмайтындай. Есесіне, аудан әкімінің орынбасары сырттан келуші турист көп жүретін жағалаудағы қоқысты жинататын жұмысшы таппай шаршапты. 


-Әрине, кемшіліктер бар. Дәрет суы рұқсат етілгенполигонға төгіліп жатыр. Бұл жерде күніне он мың адам демалады. Қоқыс салатын 300контейнер бар.  Жетпей жатыр. 175 демалысүйі бар. Қазір бізде басты проблема – жұмысшы жоқ, сенесіз бе?.. Күніне алтысағат мусор тазалау жұмысына 80-90 мың жалақыға жұмысшы таба алмай отырмын. 100штатым жұмыс істеймін деген адамға ашық тұр. Негізгі тазалау жұмыстары түнгі 3-тен 5-ке дейінжүргізіледі. Күн сайын солай»,  -  дейді Дидар Хамитов.  

Аудан әкімініңорынбасары бұдан да басқа «бас қатырар» проблема жеткілікті дейді. Дегенмен, атқарылып жатқан іс, алға дамып жатқантуризм саласы айтарлықтай байқалмайды. Облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ ай құрғатпайАлакөл басынан табылып, алты айналып шығып жүргенімен, іргедегі Қабанбайауылдық округінің әлеуметтік, экологиялық мәселесінен хабарсыз сияқты. Әрине, әркелген сайын алдынан құрақ ұшып шығатын аудан әкімі Серік ЗАЙНУЛДИН оның көзінбайлап әкелмейтіні түсінікті. 

Тоқетерін айтқанда, Ахметов бастағанатқамінерлердің сөзі мен ісі қабыспағанына дәлелдің бірі — Қабанбай ауылының тұрғындары Алакөлге туристердің көптеп келуінен пайда емес, керісінше, зардап көріп отыр.  


Фотолар автордікі.

  

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    13:34