Бүгін, 09:41
Аланияда Қазақстан мен Түркияның туын қорлады деген күдікпен екі адам ұсталды
Әлеуметтік желіде Алания қаласындағы жылжымайтын мүлік агенттігінде түсірілген видео кең тарады.
Кадрлардан кеңсе үстелінде тұрған Түркия мен Қазақстанның мемлекеттік туларының құлап қалғанын көруге болады. Оқиға қоғамда қызу талқыға түсті.
Осы жайтқа байланысты Түркияның құқық қорғау органдары 37 жастағы Ресей азаматын және 32 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Видео авторлары туларды әдейі емес, абайсызда құлатып алғандарын мәлімдеді.
Прокуратура күдіктілерді қамауға алуды сұрап істі Қылмыстық сотқа жолдағанымен, сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Оларға ел аумағынан шығуға тыйым салу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.