Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:10, 02 Маусым 2020

Алаштың ақырғы ақиығы

    Бұл деректі фильм Алаш алыптарының бірі дебірегейі Әлімхан Ермековтің сом тұлғасын, еңбегін, ерлігін бейнелейді.

Алаштың соңғытұяғы туралы фильм түсіруге басты себеп не? Тың туынды арқылы ел үшін туғанерлеріміздің ерлігін жас ұрпақтың санасына қаншалықты сіңіре алдық? Осындайсауалдар төңірегінде  біз фильмнің авторыәрі жауапты жетекшісі Назгүл Әбутұраповамен әңгімелестік.

 Кезінде саяси қуғын-сүргінгеұшыраған зұлмат заман құрбандарының барлығы дерлік халқымыздың беткеұстарқаймақтарыеді.Солардың арасынанғайыптантайып аман қалғандардың бірі – Әлімхан Ермеков. Фильмді түсіруге осы себепболды ма, әлде...

–Сол тұтқындаумен қуғын-сүргін кезінде «Алаш» қозғалысы  қайраткерлерінің түгелдей жазаланары әу бастанбелгілі болатын. Себебі большевиктік билік оларға зорға шыдап келді. Ақырында 1938жылы абақтының ар жағында қазақтың талай зиялы азаматтары жазықсыз өлді. Солардыңарасынан  Әлімхан Ермековтің қалай аманқалғаны, расында да, қызығушылық тудырады.

  Совет өкіметінің бір ерекшелігі әуелі халыққа жалпылама білім берумақсатын ұстанғаны. Түрме қызметкерлеріне де білім керек. Оларға  дайын математик, профессор әрі атақты ғалым ӘлімханЕрмеков таптырмайтын тәлімгер болды.

АбақтыдаӘлімхан Әбеуұлына да талай рет қауіп төнген. Бірақ түрме басшылары оны үнемікейінге ысырып отырған. Неге десеңіз, олардың бәрі диплом алу үшін оқуы керекеді. Түрме басшылығының рұқсатымен қызметкерлерге орта мектеп көлемінде сабақберген профессордың дәрісіне  лагерьдегіофицерлер құрамы да қатысқан. Тіпті кейін «Құрметті профессор» деп атап кеткен. Бұл жайында жазылған естелік-дәптердіЕрмековтің туғаннемересінің қолынаноқыдық. Ал Әлімхан Ермековтің аман қалғанынан қазақ халқы ұтпаса, ұтылған жоқ. Міне,фильм түсіруге басты себептің бірі – осы.

– Деректі фильмде қазақ жерініңшекарасы жайлы мәселені басты тақырып етіп алуыңызға не себеп болды?

  – Иә, оған екі себеп бар еді. Біріншісі – 2010жылы  күзде Қазақстанның Ресейдегі елшілігініңтапсырысы бойынша Бөкей хан жайлы деректі фильмді түсіру тұсынан басталды. Бөкей ханға тағдырдыңжазуымен Астрахан топырағы бұйырғаны белгілі. СүйегіКраснояр аумағындағы Қазақстан мен Ресейдің мемлекеттік шекарасына жақын жердежатыр. Хан зираты басындағы киіз үй іспетті темір қоршау 30-жылдың ойранында трактортабанында тапталыпты. Керегесі  қисайып, қоршауының мыж-тыжы шыққан көрінеді. Мұндайқиянатты жүрекпен қабылдаған елші, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері ЗауытбекТұрысбеков бізбен телефон арқылы хабарласып, Бөкейбейітініңосынша қорланғанына қайран қалып, қатты толқығанын айтты. Қазіргі Қазақ елініңең бір байлыққа тұнған шұрайлы жерін ешқандай соғыссыз, дала дипломатиясыменкері қайтарып, 23 мыңға жуық адамы бар 5000-нан астам жанұяны Жайықтың жағасымен Еділге дейін еркін жайландырғаны жайлы да жеткізді. Қысқасы, Еуропааумағына Ішкі Бөкей ордасын тіккен баба даңқына лайық мавзолей тұрғызуғакірісіпті. Ал құрылыс жайлы құжатты Астрахан губернаторымен бекітіліп, бірлескеніс-шаралары жоспар бойынша жүріп жатқан көрінеді. Елшілікпен байланысымыз әріқарай да үзілмей жалғасып жатты.

  Сонымен, 2011 жылы қыркүйекте алып күмбезді ақшаңқанкесене бой көтеріп, ашылу салтанатына бардық.  Бұлеліміздіңбатыс қақпасына қойылған қалқан іспетті айбарлы белгі болды. Еліміздіңтүкпір-түкпірінен жиналған тілеулес жұртта есеп жоқ. Өшкені жанып, өткенін ендітүгендеп жатқандай. Тұсаукесер тұсында сөз алған елші З.Тұрысбеков халыққа тағыбір түйінді ой тастап: «Байлығы тасығанбатыс өлкені қазақтарға қайтаруда бабамыздың  үлесі өлшеусіз.Қазақстан картасына қарасақ, мұнай мен газ өндіріп жатқан жердің бәрі Бөкейбабамыздың иелігінде болған екен. Ендеше, осындай ұшы-қиырсыз ұлы дала бізгедейін қалай сақталып қалды екен деген сауал туары хақ. Сөйтсек, сонау20-жылы-ақ қазаққа тиесілі жердің бәрін заңмен дәлелдеп, шекарасын шегелепкеткен кешегі Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда арыстары екен. Ал ӘлімханЕрмековтің есімін бүгінгі ұрпақ білмеуі де мүмкін. Ендеше, мұндай маңызды  деректі көпшілік халыққа  жеткізу біздей ағабуынның міндеті. Себебішекара әр елдің шебін күзетер азулы айбыны»,деді. Міне, Әлімхан Ермековті халыққакино тілінде жеткізуге түрткі болған екінші себеп осы жерде туды.

– «Болар елдің баласы онүшінде баспын дер, Тозар елдің баласы 25-те жаспын дер» демекші, Алашазаматтарының келешекте кім болмағы бала кезінен-ақ таныла бастаған ғой. Бұлтуралы не айтар едіңіз?

– ӘлімханЕрмековстудент кезінде-ақ этнограф-ғалымПотанинді туған жеріндегі Былқылдақ  деген өзеннің бойындағы тамаша өлкеге алыпкеліп, екі-үш ай жатқызған. Ауыл ақсақалдарынан қазақтың ауыз әдебиетінің небірүлгілерін, ертегі-жырларын жинақтатып, жазғызып алған. Бір қызығы, сол Былқылдақөлкесі Әлімхан Әбеуұлының ұйымдастыруымен сол кездегі қазақ зиялыларының жазда келіп демалатын, ой тоғыстыратынжеріне айналған. Оның дәлелі – Былқылдақта Темірбек Жүргенов Әлімхан Әбеуұлыныңтуған апасы Дәмешпен танысып, үйлену тойы өткені. Сол жерде Нығмет НұрмақовтыңӘлімханмен аталас туысқанының қызына үйленген. Былқылдаққа Қаныш Сәтбаевты даалып келіп, елмен таныстырады. Алып ағаларын көріп, таудай талабы оянғанҚанышты Томбы қаласына өзі жетелеп апарып, технологиялық институттың тау-кенфакультетіне оқуға түсіреді. Соңынан Сұлтанмахмұт Торайғыровқа да Томбыда оқуынақолдау көрсетеді. Фильмде біз мұның бәрін нақтылы деректермен айғақтап отырдық.

  1917жылы Семей Алаш ардақтыларының басы қосылып, бір ту астына жиналған жері болды.Олардың көбі Мәскеу мен Санкт-Петербордан білім алған ғалымдар, саясаткерлержәне өнер қайраткерлері  еді. Ол кезде ӘлімханЕрмеков Томбы технологиялық  институты математикафакультетінің студенті. Бозбаланың азаматтық көзқарасының қалыптасуына да  сол Семейдегі зиялы қауым өкілдері тікелейықпал етті деп ойлаймыз. Қалай дейсіз ғой? Өйткені сондай саясаткерлердың бірқатарыинститутта оқытушы болып істегендіктен, Әлімханның танымал тұлғалармен жолы жиіқиысатын. Оның 4-курстан оқуын тоқтатып, Томбыдан Семейге суыт аттануы дасондықтан еді.

  Көп ұзамай Әлімхан Ермеков ұлткөсемі Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда үкіметінің  үш басшысының бірі ретінде ұлттық кеңестіңқұрамына енеді. Сол 1917 жылдың шілде айында өткен Бүкілқазақтық съезде Бүкілресейлікқұрылтай жиылысына Семей облысынан депутаттыққа 25 жастағы Әлімхан ұсынылады.

– Енді басты мәселе болған шекараныбекітуге қалай қол жеткені жайлы әңгімелеп берсеңіз.

– ХХғасырдың басында қазақ даласының шекарасын белгілеу дегеніңіз  күрмеуі шешілмеген түйткіл болды. СебебіХVІІІ-ХІХ ғасырлардан бері оңтүстік өңірлер Ташкентке қарап келсе, батысаймақтың жартысы Астраханға,   жартысыОрынбордың әкімшілік басқаруында болды. Шығыс Қазақстанның көп бөлігі Омбығақарады.  Қысқасы,  қырық құрақ болған қазақ жерінің шекарасын шешугебайланысты комиссия құрылады. Бұл әрекет Алаш арыстарының ұлт намысы үшін жанкештілікпенқатерге басын тігуі болатын.

   1920 жылы 24 тамызда  Бүкілресейлік орталық атқару комитетініңмәжіліс залында ол кездегі Қырғыз – кейінгі Қазақ АССР-інің шекарасын нақтылаутуралы жиын өтеді. Жиынға Қазақ АССР-інің атынан 15 адам қатысады. Бар-жоғы 29жастағы Әлімхан Ермеков «Қазақавтономиясына қандай жерлер кіруі тиіс» екендігіне ғылыми негізде дәлелденген баяндама жасайды. Онда 5,5 млн қазақ ұлтытұрып жатқан Қазақ республикасына 3 467 922 шаршы шақырым жердізаңдастырып, бекітіп беруді сұрады. Бұл олардың, яғни қазақтардың ежелдениеленіп келген өз жері, соны заңды түрде кері қайтаруын талап етуі еді. Мұны басындаЛенин құптағанымен, орталық комитеттің саяси басшылары қарсы шығады. Талас-тартыстөрт күнгесозылады. Тек 26 тамызкүні ғана В.И.Ленин қазақ жерінің шекарасын бекіту туралы декретке қол қояды. Сөйтіп, Алашкөсемдері Қазақ мемлекеті алдында өзінің тарихи миссиясын адал орындап кеттідеуге болады.

   Ал фильмді түсіру барысында елшіліктіңараласуымен Мәскеудің тарихи мұрағаттар институты, Қазақстанның мемлекеттікмұрағаты көмектесті. Сондай-ақ Әлімхан Ермековтің туған жері – Қарағандыоблысының Долинка  аймағындағы Саясиқуғын-сүргін құрбандарының мұражайымен де тығыз жұмыс жасадық. Осы облыс әкімшілігініңрұқсатымен  көне Карлагта да түсірілімұйымдастырдық. Қосымша көріністер мен қойылымдарға Қарағанды қалалықС.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры мен К.Станиславский атындағы орыс драматеатрының ұжымы қолдау көрсетті.

– Әңгімемізді Алаштың ақырғыақиығы Әлімхан Ермековтің кейінгі өмір жолы жайлы жалғасақ. 

– ХХғасырдың алыптары ұлтының үлесіне ұлы құбылыс жасау жолында құрбан болды.Оларды құрбандыққа қиған – өз бәсекелестері. Өйткені олардың даңқы биліктіңбәсін түсіріп, кегін қоздырды. Көреалмаушылық қойсын ба, түрмеден тірі қайтқандарынанөлгенше өш алады. Ғылыми атақтары сыпырылып, оқулық-кітаптары жойылды. Ермековатақты 58-баппен сотталып, 18 жыл түрме тауқыметін тартқан. Кейін сол Қарағандықаласындағы Ленин көшесі, 58-үй, 58-пәтерде тұрған және үй телефонында да осытектес сандар болған. Бұл 58 баппен сотталғанын «ұмыттырмаудың»әдемі әдісі еді.

   1970 жылы  тұңғыш қазақ математигі, профессор, ағартушы-ғалым,көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаштың ақырғы ақиығықарапайым қалпында дүниеден аттаныпкетті.Қарағандылықтар оны ың-шыңсыз,көне қаланың қайдағы бір шетіндегі елеусіз жатқан христиан зиратына жерлей салыпты.Барар жолы да жоқ екен, адасып зорға таптық, сенесіз бе? 

     Жарайды, бұл кешегі кезеңнің кесапатыдейік. Ал бүгін ше?  Мен сізге  болған бір жайды баяндайын, өзіңізтаразылаңыз. Қазіргі телеэфир  өсек пентөсектен босамайды. Арзан әңгімеге уақыт шексіз. Ал танымдық дүниеге орын жоқ.Бұл жерде кешегі ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мырзаға рақмет,фильмдерімізді көңіл қойып өзі қарап шықты әрі кешіктірмей, 2019 жылғыжелтоқсан айында-ақ осы  Ә.Ермеков,Н.Оңдасынов және Ж.Тәшенов жайлы үш фильмнің де жеке-дара атын жазып, эфиркестесіне жоспарлау жайлы «Қазақстан» ұлттық арнасы мен «Хабарға» жолдағанресми хаты бар. Рас, «Хабар» үш фильмді де көрсетті,  қайталап та жатыр. Басшысы Е.Бекхожин тектіжігіт.  Ал ұлттық арнамыз Қазақстан президентітелерадиокешенінің ұлттық өніміне де, үздік баға берген танымал тұлғалардыбылай қойғанда, республикалық беделді басылымдар мен қоғамдық ұйымдардыңәлеуметтік желідегі ықыласты пікіріне де, тіпті министрдің ресми хатына да пысқырған жоқ. Өз деңгейіне қарай  қадам жасады. Әрине, бұл оңаша отауға сұранатын көкейкесті мәселе. Бірақ бәле қууғауақытымды аяймын, менсіз де жазып жатқандар жетерлік.

   Қорыта айтсақ, қолында билік барлар білмейді,әйтпесе Әлихан Бөкейхановтай ұлы ұстазы 25 жастағы Әлімханды ұлттық жәнемемлекеттік саяси мәселелерді шешерде алғы шепке салып, шәкіртін өзінің «туұстары» ретінде ысылдырып, ұлтының көшбасшылығына дайындай бастаған. Сонау 20-жылыБөкейхановтыңөзі бар-жоғы 53 жаста ғана екен. Не деген ұлы сенім, не деген тазалықдесеңізші! Бұлардың бар ғұмыр-дариясы саяси идеялар мен ұлт игілігі жолындағы ірі іс-қимылғақұрылыпты. Демек, барлық дәуір бас иетін қайраткерлер емес пе?!

 Алаш алыптары абақтыда отырса да,ағартушылықпен айналысып, ұрпағы үшін ана тілінде оқулықтар жазған. Еңкейгенелін тік тұрғызып, мемлекет болып қалыптасуына себепші болған. Сөзбен емес, болашағымыздыіспен бекемдеген де  солар. Сондықтанасыл ағалар туралы қанша деректі кітап жазып, қанша көркем фильм түсірсек текөп емес. Тіпті жыл сайын Алаш арыстары туралы онкүндік мәдени шараларұйымдастыруға да болар еді. Өйткені өскелең ұрпақ ертең емес, бүгіннен бұрын, төлтарихымызға жиі көз салуы керек.

– Әңгімеңізгерақмет.

СұхбаттасқанЖолдасбек ДУАНАБАЙ,

«Жас Алаш»

Тегтер: