Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:08, 25 Қыркүйек 2024

Алаяқтық үшін сотталған Delta Bank-тің бұрынғы иесі Тілеубаев араша сұрады

а
Фото: ҚМА

Delta Bank-тің бұрынғы басшысы Нұрлан Тілеубаев апелляциялық шағым түсіріп, алаяқтық пен 4 миллиард теңгені ұрлау ісі бойынша ақтауды сұрады.

«Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың, маманның, сараптамалық қорытындылардың және аудиторлардың айғақтарымен дәлелденгендіктен, үкім өзгеріссіз қалдырылып, заңды күшіне енді», - деді елордалық сот.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрлан Тілеубаевқа қатысты тағы бір үкім шілде айында шыққан болатын.

Іс материалдарына сәйкес, Тілеубаев 2015 жылы Delta Bank-тің нақты қожайыны және құрамында 140 заңды тұлға кіретін «Алиби» компаниялар тобының жетекшісі бола отырып, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-нан төрт миллиардтан астам мемлекет қаржысын жымқырған.

Сотта айыпталушының астық сатып алу-сату бойынша ресми түрде жасалған және іс жүзінде орындалмайтын шарттары бойынша кредиторлық міндеттемелерді қайта қаржыландыру үшін банктен өз бақылауындағы компанияларға қарыз ретінде аударғаны дәлелденді.

Содан кейін Тілеубаев 6,8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығына байланысты және осы үкім бойынша тағайындалған аса  ауыр емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға ауыстыруға байланысты сотталушы ақыры 10 жылға бас бостандығынан айырылды.