Алдағы күндері Алматыда 7 балдық күшті жер сілкінісі болмайды – сейсмологтар

Алматы әкімдігі сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық ахуалды бағалау жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Комиссия қорытындысына сәйкес, алдағы күндері Алматыда күшті жер сілкінісі болмайды.
«Алдағы күндері Алматы болжау полигонының аумағында магнитудасы 5,6 ал қарқындылығы 7 балл және одан жоғары балды құрайтын (MSK -64 – сейсмикалық шкаласы бойынша) күшті жер сілкіністері 70% ықтималдықпен күтілмейді», - делінген хабарламада.
Cондай-ақ Алматыдағы 6 балдық жер сілкінісі салдарынан сегіз адам зардап шекті
Бұл туралы Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
"Үш адам тұрғын үйдің екінші және үшінші қабатынан секіргенде жараланған. Екі адам амбулаториялық ем алуға жіберілді. Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр" делінген хабарламада.
Бес адам үйден жүгіріп шыққан кезде жараланған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оларды амбулаториялық ем алуға жіберген.
Төтенше жағадай министрлігі мәлімдеуінше, эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан түнгі жер сілкінісі Алматы мен Шымкенттен бөлек, Астанада және Қазақстанның бес облысында сезілді.