Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:40, 09 Наурыз 2023

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

None
None

9, 10 және 11 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктері мәлімдеді, — деп хабарлайды Жас Алаш

Бейсенбі, жұма және сенбі күндері бірқатар өңірде екпінді жел мен көктайғақ құбылыстарымен бірге қар, қар аралас жауын-шашын болады.

9 наурызда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

«Алдағы үш күнде республика бойынша тұман күтіледі. Республиканың басым бөлігінде температуралық фонның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді, тек республиканың солтүстік, орталық, шығыс облыстарында түнде ауа температурасы 5-18 градус аязға дейін төмендейді», — делінген хабарламада.

Тегтер: