Алданған тұрғындардың жанайқайы

06.08.2020, 07:50

37

                                                                                

 Қызылордада 70-тенастам пәтер иелері жергілікті биліктен алданғандарын айтып налиды. «Шанхай»ықшамауданында тұратын тұрғындардың сөзін бақсақ, биыл қыста 18 пәтерлі төртүйге модернизация жұмыстары жүргізіліпті. Алайда «үйлеріңді тиімді бағаға күрделіжөндеуден өткізіп береміз» деген шенділердің сөздері кереғар шыққан.

Тұрғындардың айтуынша, күрделі жөндеу жұмыстары ақпанайынан басталыпты. Бастапқы келісім бойынша шығынды өтеу айына 5-10 мыңаралығында деп белгіленіп, 7,5 жыл төлеуге тиіс болған. Алайда қағаз жүзіндеолай болмай шыққан. Пәтер иелері «келісімшартты көргенде жағамызды ұстадық» дейді.Себебі құжаттағы қаржы көлемі екі есеге ұлғайып кеткен.

– Бастапқыда екі бөлмелі пәтерге 6-7 мыңнан, үш бөлмеліге7-8 мыңнан төленеді деді. Келістік, осы үйді жөндеп болғаннан кейін жақында біржігіт келіп, «мынаған қол қою керек» деп келісімшартты көрсетті. Зер салсақ,баға шарықтап кеткен. Үш бөлмелі үйге 18 мың теңге, екі бөлмелік 13 мыңнанасады. Сосын біз келіспейміз дедік, – дейді осы үйдің тұрғыны Алма Жақияева.

Келісімшартқа сәйкес, тұрғындар енді осы ақшаны 15 жылтөлеу керек екен. Жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігерлер арнайы техникаларынаосы үйдің электр жарығын да пайдаланыпты. Соның салдарынан бір айға 3-4 мыңнантөлейтін тұрғындар бес есе шығынға батқандарын айтады.

– Бүкіл тоқтарын, моторын біздің электр щитке сым жалғап қосты.Мен ай сайын жарыққа 2,5-3 мың төлейтінмін, қазір 15-16 мың теңгеге шықты. Төмендегікөршім, бес баласы бар әйел, оған «қарызың 21 мың» деп келген. Сонда бұларға біздіңешқандай сөзіміз жүрмей ме? – деп ашынады тағы бір тұрғын Гүлнар Аргенбаева.

Күрделі жөндеуден өтсе де, үйдің сиқы мәз емес. Сыртқықабырғасы әлден жарылып түсіп жатыр, құрылысшылар цементтен де үнемдегенсекілді. Осы жұмыстардың барлығына, тұрғындардың айтуы бойынша, орташа есеппен45 млн теңге қаржы жұмсалыпты.

– Сылауды қыста бастады. Алдын ала айттық, қыста сыланғансылақ  түсіп қалады деп. Сетка қағу керекдедік. Олар «смета бойынша ешқандай сетка есептелмеген» деді. Сөйтіп, бастапкетті, бұл сылақ көп болса бір жыл тұрады. Бір жылдан кейін түсіп қалады, –дейді Мұрат Байдүйсенов.

Ал қала әкімдігі нысанның әлі қабылданбағанын алға тартты,сондай-ақ тұрғындар төлеуі тиіс ақшаны қайта қарайтындарын жеткізді.

– Баға туралы қазіргі таңда құрылыс компаниясы, мердігермекеме, жобалаушы мекеме және тапсырыс беруші мекеме тарапынан зерделеу жұмыстарықолға алынды. Тұрғындармен кездесіп, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, – дедіҚызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі,автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасарыБіржан Далабаев.

Сонымен қатар шенділер модернизацияның сапасын да қолғаалатындарын жеткізді. «Тұрғындар уәжі мен кемшіліктердің барлығы жөнделмейінше,нысанды қабылдаудан бас тартамыз» деп сендірді.


Нұрел ЖОМАРТ

Қызылорда қаласы

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    01.12.2020, 10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04