Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:35, 17 Тамыз 2023

Алданғандар аз емес

None
None

Жақында  Теміртау қалалық полиция басқармасының  Ескі қалалық полиция бөліміне 75 жастағы зейнеткер шағымданды.

Жәбірленушіге полиция қызметкерімін деп таныстырған белгісіз ер адам қызының жол-көлік оқиғасына кінәлі болғанын хабарлайды.

Ол қарияға қыздың айыбы толығымен дәлелденгенін айтады. Ол кейуанадан баласын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін ақша талап еткен. Іле-шала полицейдің кейпіне енген қылмыскерге сыбайласы телефон шалады. Оның дауысы мен жәбірленушінің қызының дауысы тым ұқсас болады. Сол мезетте қатты  қобалжыған  қарт ана  үйінде 19.000 еуро мен  14 700 АҚШ доллар барын айтқан. Әжейдің тамырын тап басқан әккі киберқылмыскер  зейнеткерге ешқайда бармауын ескертіп, сәлден соң қаражатты курьер алып кетеді деген. Артынша қария мән-жайды тәртіп сақшыларына жеткізеді. Шахтинскі полицейлерінің жедел әрекет етуі барысында күдіктіні Астана қаласындағы банктердің бірінде ақша салып жатқан жерінде ұстады. Оның 19 жастағы Тараз қаласының тұрғыны екені анықталды. Ұсталған жігіт қаржының қандай жолмен келгенін білген. Айыпкердің бірнеше фактіге қылмысы дәлелденді. Соңғы іс бойынша күдіктіден 17800 евро және 115 мың теңге ақша тәркіленді.

– Өкінішке қарай, алаяқтық туралы полиция қызметкерлерімен бірнеше рет ескертулерге қарамастан, алданып қалған адамдардан арыздар толассыз түсіп жатыр. Егер сіздерге белгісіз адамдар хабарласып, балаңыз немесе жақын туыстарыңыз жол-көлік оқиғасына түсті және оларды жауапкершіліктен босату үшін ақша қажет деп бопсаласа,  бірден телефон тұтқасын қойып, 102 телефонына қоңырау соғуларыңыз керек, – деп ескертіп отыр қала тұрғындарын Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Ал киберқылмыскердің арбауына түскен жәбірленуші:

– Маған телефон соққанда қыз баланың дауысы менің қызымның дауысына қатты ұқсады. Шынымды айтсам, қорқып кеттім. Қылмыскерді ұстап, ақшамды қайтарып берген тәртіп сақшыларына алғысым шексіз, – дейді қала тұрғыны Елизавета Громова.

Жыл басынан бері Қарағанды қаласында «жол-көлік оқиғасына түсті және қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін ақша қажет» деген желеумен алданып қалу дерегі бойынша 80-нен астам шағым тіркелді.  Кешенді жұмыстар барысында осындай іске қатысы бар деген күдікпен 27 адам ұсталды. Олардың  5-еуі кәмелеттік жасқа толмаған, 13-і такси жүргізушілері.

Тегтер: