Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
03:49, 06 Қазан 2020

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың

None
None

Әкем академик Р.Нұрғали жайлы сыр

Адам жас кезіндегісін ұмытпайды екен. Миы тез қабылдайды, көрген- білгенін есінде өте жақсы сақтайды. Сондықтан да менің есім кіре бастағаннан кейінгі талай оқиғалар жадымда тасқа басылғандай болып қалған.

Ол уақытта үш-төрттер шамасында болсам керек. Әкемнің «ақ бұзау» атанған жигулиіне мініп, Талдықорған жақтан келе жатқан едік. Іші тар көлікте әке-шешеме қоса Тұрсын Жұртбаев, Несіпбек Айтұлы, әкемнің інісі Айғалимен бірге  оқыған Тұрсынбек ағалармен бәріміз кептеліп келеміз. Әкем Рымғалидың көңілінің соншалықты  дарқандығы шығар, көлігіне жеті-сегіз адамға дейін сыйдыра беретін. Бұл жолы да бәрі өзара әдемі әзіл-қалжыңдары жарасып, аңқылдаған ашық күлкімен алыс жолды қысқартып келеді. Мен сонда ол кісілерден «Көлікке Жәнібек көкем неге отырмаған?» деп сұраппын. Өйткені тірісінде әнімен де, азаматтығымен де ел есінде ерекшеленіп қалған Жәнібек Кәрменовке әбден бауыр басып қалған екенмін. Ол кісінің бақилық болып кеткенін білмеппін. Сонда қасымызда отырған оның бір құрдасы Несіпбек аға:

– Жәнібекті өткенде қасқыр жеп қойып еді. Енді ол қасқырдың ішінен қар жауған кезде бір-ақ шығады, – деді. Сол сөзі қатты әсер етіп, көңіліме ұялап қалды. Арада төрт-бес ай өткен соң қыс түсті. Аспанды қою қара бұлт торлап, жапалақтап қар жауды. Терезеден қарап тұрып, «сыртта қар жауып тұр ғой, Жәнібек көкем қасқырдың ішінен неге тезірек шықпайды?» деп құлази уайымдағаным есімде...

Естелік әңгімемді  осылай бастаған себебім – әкем ғана емес, оның тонның ішкі бауындай қатты араласқан қимас достарының бәрі де аяулы әкемдей болып алақандарына салып еркелететін еді. Солардың арасынан әлі күнге дейін ыстық ықыласымен ерекшеленетін Несіпбек ағам бүгінде әйгілі ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері. Тұрсын көкеммен әрдайым құшақтаса қауышамыз.

Міне, осы жерде өзіме қатысты бір жайды еске алсам, менің бес кіндік әке-шешем болды. Солардың біріншісі – Жәнібек Кәрменов пен сол үйдегі Тоты тәтеміз; екіншісі – академик Сейіт Қасқабасов пен жұбайы Тамара апайым;  үшіншісі – жазушы, ғалым Құныпия Алпысбаев, тағы бірі – Қабыш деген Қытайдан келген, домбырадан бастап, неше түрлі аса қажетті бұйымдар жасайтын ағаш шебері. Әкем бір жолы ол кісіден «Саяжайға қандай заттар сатып алғаным дұрыс?» деп сұраса, әр алуан электр құрал-саймандарын сатып алуға кеңес беріпті. Бір қызығы, бұл саймандарды әкем қолданбай, үнемі әлгі шебердің өзі пайданалады екен. Біздің саяжайымыз «Түрксіб» шипажайы маңында еді. Бүгінгі жасамыс кісілер елімізде  шұбартаулықтардың бастамасымен қой өсіруші комсомол-жастар бригадалары құрылып, ол кең қолдау тауып, ірі қозғалысқа айналғанын әлі ұмыта қойған жоқ. Мұндағы айтпағым, тағы бір кіндік әке-шешем – сол кезде Шұбартау аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Социалистік Еңбек Ері Шаймағанбет ата мен ол кісінің жұбайы, әкемнің Шұбартаудағы ұстазы – Күніш апа еді. Біздің шырайлы шаңырағымызға жиі келіп, жанұямызбен жақсы араласып, маған туған әкемдей бола білген айтулы арыс азаматтарымыздың арасында Қабдеш Жұмаділов, алғашқы мұрағат маманы, үлкен қаламгер Амантай Сатаев, Сайын Мұратбеков, Әкім Тарази, француз тілі маманы, ерекше дарқан дарын иесі Рамазан Тоқтаров және басқалар бар. Саяжайымызда көрші тұратын әйгілі ақын ағамыз Сағи Жиенбаев солардың бірі еді.

 Бір жолы Сағи аға аулаға кіріп:

  • Ердосжан, әке-шешең қайда? – деп сұрады. Мен олардың суға түсуге кеткендігін айтайын десем, Қапшағайдың атын ұмытып қалып, қол жуғыштағы суды уысыма алып, бетіме бүрке шаша беріппін. Сонда Сағи аға әдемі күлкісіне басып:
  • Е, Ердосжан, олар Қапшағайға шомылуға кеткен екен ғой, – деді. Ол кісінің қосағы Үзипа апай бастауыш сыныпта әпкем Ләйлаға сабақ беріпті. Бұл Алматыдағы әйгілі мектептердің бірі де бірегейі. Талай-талай танымал тұлғаларды түлеткен сол №12-ші мектепте атақты режиссер Жұмат Шаниннің тікелей ұрпағы Жанна Шанина апай маған ағылшын  тілінен сабақ берген еді.

Әкем мені  қасына алып жатып, тезірек ұйықтату үшін үнемі қызықты ертегілер айтатын.  Сәл өсе бастаған кезімде ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба!» деген өлеңін жаттатып, оның тәрбиелік мәнін ұғынықты тілмен жан-жақты түсіндіретін. «Ботақаным, естілердің сөзін есіңе сақтасаң – өзің де естілердің қатарына қосыласың» дейтін. Сөйтіп, ұлылар ұлағатын да зердемізге молынан құятын.

Содан тағы бір күні Сағи аға «Қандай ертегілерді білесің?» деп сұрағаны да есімде:

  •  Алпамыс, Қобыланды, Қамбар, Ер Төстік және… – деп сәл бөгеліп қалыппын.
  • Өте дұрыс, Ердосжан. Қазақта батырлар көп, одан басқа қайсысын білесің? –  деді сөйлете түскісі келіп.
  •  Жәнібек Кәрменов, Несіпбек Айтов, – десем, жүзі жылы Сағи аға одан да шуақтана қарап:

–    Жәнібекті батыр дедің, сонда ол несімен батыр? – деп сұрады.

–   Ол саяжайда қой да соя алады, отын жарып, қазанды да, самауырды да қайната алады, бәрін біледі, – деп Жәнібек ағаның ерлігін өзімше дәлелдедім.

  • Шынында, Жәнібек нағыз ерлік иесі екен. Ал Несіпбек ше?
  • Ол да сондай, от та жағады, Жәнібек аға қой сойғанда аяғын қорықпай ұстап тұрады, қойдың басын үйітеді...
  • Ой, Ердосжан, Несіпбектің ерлігі Жәнібектен де күшті екен, – деп, менің аңғал сөзіме Сағи аға балаша мәз болған.

Әкем туралы айта отырып, балалық балдәурен шағымның әсерлі хикаяларын тізбектеуімнің де өзіндік себеп-сыры бар. Ол ең әуелі –   осындай алыптар ортасында дүниеге келіп, әлдиленіп өскенім. Мен осыны әрдайым мақтан етемін. Ардақты әкеміздің арқасында қатарластарымның бәрі дерлік көре бермейтін қазақтың небір айтулы тұлғаларымен дәмдес, тіпті реті келсе, балалық пәк көңілмен сырлас та болдым. Көп жыл Қазақстанды басқарып, еліміздің көркеюіне ерекше үлес қосқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өзі әкеме қаланың ең таңдаулы жерінен бес бөлмелі үй бергізді. Сол үйде «Лениншіл жас» газетінің бас редакторы, спорт тақырыбында тұңғыш түрен салған жазушы Сейдахмет Бердіқұлов, қоғам және ғылым қайраткері, министр болған Шериаздан Елеукенов ағалармен көрші тұрдық. Сондағы біздің үйге таяу маңдағы Мұқан Төлебаев көшесінің таңғажайып тыныштығы, тұп-тұнық ауасы әкемнің адал да пәк пейіліне үйлескендей көрінеді де тұрады. Қас-қарая көшені қаланың самала шамдары мен жұлдыздар жарығы одан бетер нұрландыра түскендей болады. Әйтсе де көңілі әлгі кәусар ауадай тұнық, неғұрлым  ақ-адал болған сайын әкемнің нәзік те сезімтал жүрегі аласапыран арпалыстар шеңгелінде қалған екен. Алдынан өзі күтпеген неше алуан кедергілер кезігеді. Әкем бір емес,  сондай сұрқай оқиғалардың талайына тап болады. Жаны қажыды, жүйкесіне жүк түсті. Күйзеліске толы қилы-қилы сәттерді бастан өткерді. Бір жақсысы, жалғыз емес еді, осындай қысталаң күндерде жанынан әрдайым қимас достары табылды. Жәнібек аға да солардың арасында отырып әуезді әндері, әрлі әңгімелерімен серпілтетін еді. Осылай біздің отбасымызбен етене араласқан айтулы тұлғалар әкеміздің ширығып, бастаған батыл істерін тың күшпен әрмен қарай жалғастыруына жол ашты. Өстіп, табиғат жаратқан дара болмысын Алатаудай асқақтата түсті десем әбден жарасады.

Кешегі өткен алапат тарих қасіреті алыптардың аруағын қозғап, сол деңгейлес кісілердің жандүниесіне де тыныштық бермейді екен. Әкемді мазалаған жан азабы – барынша құпияланып, айтуға тыйым салынған ұлт тарихының, Алаш арыстарының қасіреті еді. Әкем сол тарихты қазбалай көтеріп, әділеттің  ара жігін ашып, арашалау үшін бүкіл ғұмырын арнады десем де қателеспейтін шығармын. Өйткені перзенті – мені де сондай сезімталдыққа тәрбиелеген әке ұлағаты еді.

Құнанбай жандүниесінен сезімталдығы мен сергектігі ерте байқалған сүйікті перзенті Абайды өзіне жақын тартып, жатқанда қасына алып құшақтап ұйықтайды екен. Күндіз де қасынан қалдырмай ел аралатып, қоғамға деген көзқарасын аша бастайды емес пе? Дәл солай әкем де мені сәби шағымнан құшақтап ұйықтап, ес біле бастағанда ел аралатып, зиялы қауыммен  көп жүздестіруге тырысатын. Берісі – Жидебайдағы Абай тойынан бастап, сонау Чехословакияға дейін апарды. Мектепте «… Бұл – Ленин бабамыз, Бұл – Ленин данамыз» деп тақпақ жаттап өскен мені, сол оқушы кезімде Мәскеуге де апарып, қызыл империя көсемі В.И.Ленин жатқан мавзолейді, Кремльді, Қызыл алаңды көрсетті. Өзімдей құрбыларымның көбі көре алмаған бұл тарихи жәдігерлер өткенге деген жіті көзқарасымды да, әу баста ата-анадан дарығын ұлтжандылық қасиетімді де одан бетер ұштай түсті. Осы ретте шешем Ләтипа Ахметованың да ұлттық намысы әкемнен кем емес екенін де ел біледі. Оған бір мысал – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда тіл мәселесін қозғаған және кейін айтулы ақындар қатарына қосылған студенті Аманғазы Кәріпжан әулетінің тағдырына араша түскендігі. Оқудан шығарылып, комсомолдан қуылып, МҚК тергеуіне алынған Аманғазы аға үшін топтың кураторы ретінде партиялық сөгіс алды. Совет аудандық компартия бюросы арқылы берілген бұл сөгіс бірнеше жылдан соң зорға алынып тасталған еді. Бұл туралы  ақиқатты желтоқсаншы Аманғазы ағаның мақаласынан да оқып білуге әбден болады. Газеттен сол мақаланы оқыған Зәки Ахметов, Сұлтанғали Садырбаев, Уәлихан Қалижан сияқты қаламгер-ғалымдарымыз анама кезіккен кезде ризашылық ойларын білдірген екен.

Бәлкім, бұл да бекер емес шығар. Ол кісінің бес бірдей ағасы, менің туған нағашыларым, сол секілді ағайынды аталарының бірнешеуі Ұлы Отан соғысына қатысқан, кейбіреулері хабарсыз кеткен. Бүгінде аяулы анам өзі жүрек тазалығы үшін қажылыққа үш рет барып қайтқан дін жолындағы адам. Ол кісі кезінде осылай қуғындалса, қуғындаған партия әкемді өз қатарына оңайлықпен алмаған екен. Бір күні әкем партияға тағы да өте алмай, көңілі құлазып келе жатқанда курстасы Мәткәрім Әкімжановқа кезігеді. Мәткәрім аға сол уақытта үлкен баспалардың бірінде бастықтардың бірі екен. Әкеме жымия қарап:

–    Сен бұрыннан да партияда барсың ғой, – дейді.

  • Мәке-ау, қайдағы партия? Міне, осымен үшінші рет жолым болмай келеді...
  • Олар сені Алашорда партиясының бір өкілі санап жүр ғой… Бар пәле солай болып тұрған сияқты. Сондықтан дәл бүгін Компартия мүшелігіне өтпей қалдым деп уайымдама, – депті. Әйтсе де әкем сол қоғамдағы тұмшаланған қасіретті оқиғаның ақиқат сырын тереңірек білу үшін партия қатарына өткен екен.
  • Әкемнің әкесі Нұрғали Файзуллин ата да өте сауатты кісі болған; гимназияны үздік бітіріп, 1925 жылы лениншіл партияның мүшелігіне өткен, әрі кеңестендіру саясатын белсенді жүргізгендердің бірі ретінде елге танылған.

Жалпы алғанда, біздің әке-шешеміздің тағдырларында да ұқсастықтар аз емес. Екеуінің де шешесі небары 36 жыл өмір сүріп, көз жұмған. Екеуінің де әкелері соғыстан кейін Жоғары партия мектебінде оқыған. Бүкіл саналы өмірлерін адал еңбекке арнаған, еліміздің экономикасы дамып, гүлденуі үшін аянбай қызмет еткен.

 «Үйдің кенжесі – қашанда қарашаңырақ иесі» десе керек, әкемнің маған деген ықыласы ерекше болды. Бабалар дәстүрі бойынша кіндіктерінен тараған, төрт баланың алғашқылары Ардақ пен Ләйла Нұрғали ата мен нағашы атамыз Мұратбектің баласы есебінде өсті. Ал Айша екеуміз ата-анамыздың меншікті ұл-қызы ретінде еркелеп өстік. Жандарында көбірек болдық. Бір жылы, онда әлі де көп нәрсені айыра қоймайтын бала кезім, бүкіл өмірін ұрпақ тәбиесіне арнаған нағашы атамыз Мұратбек Ахметовтың ауылына Лепсіге қыдырып барғанда, мен үлкен бір дарияны көріп, әкеме «Мынау қандай өзен?» деп сұрадым. Сонда ол кісі: «Бұл өзен емес, Балқаш деген көл. Қазақстанда бұдан басқа да көлдер көп, бірақ ең үлкені – осы. Енді өзің айтқан өзендерге келсек, қазақ жерінде әрбірінің ұзындығы бір мың километрден асатын жеті өзен бар, олар – Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл, Тобыл, Іле» деген еді, сол айтқаны ойымда қалып қойыпты. Енді ойлап қарасам, әр тараптан бастау алған сол өзендердің арнасы небір тарих теперіштерінің куәсі екен-ау. Жағасындағы жайқалып өскен қамыс-құрақпен жағаласқан толқындар уақыттың небір қасіретін де, қаны мен көз-жасын да шайып әкетіп, әлдебір дарияға құйып келеді. Менің асыл әкемнің тағдыры да дәл сондай: өзінің берік ұстанымынан айнымай ілгеріледі, таңдаған тақырыбының ақиқатын ашып, түпкі мақсатын түбегейлі етіп атқару үшін қажымай-талмай ізденді, бүкіл саналы өмірін солай сарп етіп, тұңғиық болмыс иесі екенін әйгілеп кетті...

Әкем Дубайда қатты сырқаттанып жатқанда, мен Қазақстанның Румыниядағы елшілігінде жұмыс істейтін едім. Қайтыс болар алдында басы-қасында болдым. Адам мұндайда сан алуан ойға беріліп, ауыр мұң кешеді екен. Әкеге деген қимастық сезімге беріліп, қайта оралмастай болып алыстап кеткен уақыт қойнауына еріксіз сүңгідім. Әкенің ыстық құшағына еніп еркелеген бақытты балғын сәттерімді көз алдыма келтірдім. Аялы алақанын ұстап мектеп есігін аттағаным, алғашқы жетістіктерім шуақты шаңырағымызда айрықша қуаныш болған. Бақытты балалық шағымның әдемі кездері білдіртпей өте беріпті… Есейдім, азаматтық өмірге қадам бастым. Осының бәрінде әкемнің өз орны болып еді. Енді міне, Алла берген шектеулі өмірінің соңғы уақытын өткізуде… Әрине, өлімге қиғым келмеді. Көзіме іркіліп жас келді. Бірақ әкемнің өзі осылай боларын анық сезініп, тағдырына салқынқандылықпен мойын ұсынған еді. «Балам, мәңгілік ештеңе жоқ. Өміріме разымын. Артымда атымды ұластыратын өздерің барсыңдар» деді әлсіз дауыспен. Содан соң: – Сен үлкен азамат болдың. Сондықтан несін жасырайын, – деді жүзін бұрып. – Екінші шешең бар. Бірақ аталарымыз айтқан ғой, «Тоқал – тоқал, тоқтамайды, Өліп қалса, жоқтамайды» деп. Мені Астананың балшығында қалдырмай Алматыға, бір кездері араласқан, мәңгілікке аттанған зиялы ағаларым мен басқа да замандастарым жатқан «Кеңсай» зиратына жерлеңдер», – деді. Бұл әкемнің аманат сөзі еді.

Әрине, қай кезде де аманат жүгі ауыр болады. Біз әкеміздің сүйегін шетелден елге жеткіздік. Жол, қаражат жағынан қаншалықты оңайға түспесе де, бар мүмкіндігімізді салып перзенттік парызымыздың бір бөлшегін өтегендей болдық. Дегенмен, айта кетейін, сол уақытта Ақпарат министрі қызметін атқарып жүрген Мұхтар Құл-Мұханбет аға қай кездегісінше шынайы көңілмен қол ұшын берді. Мұхтар аға әкем басқарған Энциклопедияда қызмет етіп, азды-көпті қамқорлығын көрген арлы азамат емес пе, ол кісінің көзі тірісінде қалай араласса, қайтыс болғаннан  кейін де қолынан келген жақсылығын аямай, рухани ақылшым бола білді.

Өмір – той емес, кімнің кім екенін басыңа қиын іс түскенде анық аңғарасың. Сондай қысталаң шақта қасыңнан табылған кісілердің содан кейін де осы ықыласынан жаңылмай жүргенін көргенде өмір шіркіннің тәттілігі арта түседі екен. Мен бұл ойымды әкемнің сүйікті шәкірттерінің бірі Уәлихан Қалижан ағаға қаратып айтып отырмын. Ағаның ұлы Маратпен бір сыныпта оқыған едім. Сондықтан ол кісі әкеммен бірге мектебіміздегі ата-аналар жиналысына барған, түлеп ұшқан кезімізде мектеп бітіру кешімізге қатысып, болашағымызға ақжол тілеген. Уәлихан аға ұлы Маратты қалай жақсы көрсе, мені де солай жанына жақын тартты. Әлі күнге дейін дәл солай: ықыласы – сол ықылас. Әсте аталарымыздың «Әкең өлсе де, әкеңнің көзін көрген өлмесін» деген сөзі бекер айтылмаса керек...

Халқымыз әкені асқар тауға балайды. Бұл да бекер емес. Осы орайда, менің ардақты әкем өзім үшін де, ол кісіні жақсы білетін барша жұрт үшін де таудың тауы! Егер жер басып жүрсе, биыл сексен жылдығын атап өтер еді. Өкініштісі, оған жете алмады. Әйтсе де елеусіз, ескерусіз емес. Ғылымдағы ғаламат еңбегін бақылайтын ел, тағылымды тәрбиесін көрген, тәлімін алған ізбасар шәкірттері көп, солар әрдайым мақтанышпен еске алады.

Иә, оқырман, әке рухына арналған перзенттік жазбаларым осымен тамамдала қоймас. Алда жазамын, қолымнан келгенше жаза берермін. Өйткені әке жолы – мен үшін ғажайып рухани ізденіс жолы. Тіпті әкемнің өмірін құбылысқа балаймын. Ойланамын, қайсарлықпен жасаған еңбектеріне қайран қаламын.

Ф.Ф.Беллинсгаузен, Р.Ф.Скотт, М.П. Лазаревтер сияқты Антарктиданы ашпасақ та, ызғары одан бір де кем түспейтін Алаш тарихының бетін ашуға атсалысқан әке рухымен сырласу перзенттік парызым еді. Енді әңгімемнің тоқетер түйіні – ол кісінің Алашорда ардагерлеріне қатысты зерттеулерін зерделеуді қолға алдым. Бастаған ісім баянды болса екен!

Тегтер: