Александр Лукашенко президент сайлауына тағы да түсетінін мәлімдеді

18.11.2019, 08:00

28

Беларусте парламент сайлауы өтетін күні, 17 қарашада президент Александр Лукашенко 2020 жылы өтетін президент сайлауына тағы да түсетінін хабарлады.

Минскіде журналистер алдында сөйлеген ол «президент сайлауы қарсаңында Конституцияны өзгерту ақымақтық болатынын және халық қаламаса билікке жабысып қалмайтын айтты. 65 жастағы мемлекет басшысы „креслоны қолы қалтырағанша ұстап отыру“ ойында жоқ екенін мәлімдеді.

Лукашенко Беларусьті 1994 жылдан басқарып келеді. Ол осыған дейін бес рет президент сайлауына қатысқан. 2004 жылы референдумда Беларусь халқы Лукашенконың президент сайлауына шексіз қатысқанын қалайтынын білдіріп, „дауыс берген“.

Беларусьтегі парламент сайлауына дауыс беру процесі аяқталды. Сайлау органының дерегіне қарағанда, дауыс берушілердің 71 пайызы келген, барлық 110 сайлау округінде сайлау өтті деп саналады.

Беларусь ұлттық ассамблеясының төменгі палатасындағы 110 орынға 500-ден астам кандидат таласқан. Оппозицияға қатысы бар саналған 200-ден астам үміткерді „жеткілікті қол жинай алмады“ деп тіркемеген.

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының өкілдері сайлаудағы бақылау қорытындысын дүйсенбі, 18 қараша жариялайды.

#GR-1016a { height: 50px; -webkit-box-pack: justify; -ms-flex-pack: justify; justify-content: space-between; margin-bottom:24px; } #GR-1016a div { padding-left: 10px; width: 32%; height: 100%; font-size: 16px; line-height: 50px; -webkit-filter: grayscale(1); filter: grayscale(1); } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: scale(1.04); transform: scale(1.04); -webkit-transform-origin: 50% 50%; transform-origin: 50% 50%; transition:all .3s; } #GR-1016a div:hover { -webkit-filter: grayscale(0); filter: grayscale(0); } #GR-1016a .c1 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/8E457501-5DFF-4374-AF52-2D5AAF25FF22.png') no-repeat 95% center; background-size: 18px; } #GR-1016a .c2 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/DBCDC937-09B4-48FB-8FF8-28E3AB5E741B.png') no-repeat 95% center; background-size: 40px; } #GR-1016a .c3 { background: #f7f7f7 url('https://gdb.rferl.org/08F40524-CFE8-4AAD-A22F-1C19A9DD651F.png') no-repeat 95% center; background-size: 28px; } #GR-1016a .c1:hover h5 { color: #3b5998; } #GR-1016a .c2:hover h5 { color: #45668e; } #GR-1016a .c3:hover h5 { color: #ff0000; } @media (max-width: 639px) { #GR-1016a { -webkit-box-orient: vertical; -webkit-box-direction: normal; -ms-flex-direction: column; flex-direction: column; height: auto; } #GR-1016a div { width: 100%; margin-bottom: 5px; } #GR-1016a div:hover { -webkit-transform: none; transform: none; } }
AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • Нұр-Сұлтан дәмханасындағы жарылыс: тағы бір адам қайтыс болды
    10:40
  • «Жас Алаш» жазған жайдан соң: Тұғыл тығырықтан шықты (видео)
    24.11.2020, 15:57
  • «Жас Алаштың» себепкер болуымен көп балалы ана жер алды
    23.11.2020, 11:20
  • Құны 68 мың теңгелік бетперденің қандай мақсатта алынғаны белгілі болды
    24.11.2020, 12:41
  • Үгіт-насихат материалдарын "Жас Алашқа" ұсыну тәртібі туралы мағлұмат
    23.11.2020, 18:42