Александр Винокуров Ironman жарысында жеңді

14.10.2019, 02:00

3

2012 жылғы Олимпиада чемпионы велошабандоз Александр Винокуров триатлон бойынша өткен Ironman чемпионатында 45-49 жас аралығындағы спортшылар арасында әлем чемпионы атанды.

Үш кезеңнен құралған (жүзу, веложарыс және жүгіруден) жарыста Винокуров 3,8 шақырымды 1 сағат 9 минут 6 секунд уақытта жүзіп өтіп, 180 шақырым жерді велосипедпен 4 сағат 21 минут 6 секундта жүріп өткен. Жүгіру марафонын 3:12:17 көрсеткішпен аяқтаған. Жарыстың үш кезеңіне барлығы 8 сағат 48 минут 24 секунд жұмсаған. Спортшы өткен жылы да Ironman-ге қатысқан, бірақ ол кезде алтыншы орын алған.

Германия спортшысы Ян Фродено (көрсеткіші 7:51:13) жарыстың абсолютті чемпионы атанды. Әйелдер арасынан Германия спортшысы Анне Хауг (8:40:10) үздік спортшы ретінде танылды.

Қыркүйек айында Бельгия прокуратурасы 46 жастағы Александр Винокуровқа «сыбайлас жемқорлық» бойынша айып тағылғанын хабарлап, оны алты айға соттауды сұраған. Прокуратура 2010 жылы сәуір айында болған «Льеж – Бастонь – Льеж» веложарысы кезінде Винокуров «жеңіске таласпауы үшін ресейлік спортшы Александр Колобневке 150 мың еуро берген» деп болжайды. Прокуратура Колобневке 50 мың еуро көлемінде айыппұл салуды сұраған. Ал спортшылардың адвокаттары айыптың негізсіз екенін айтқан.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34