Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды
Алексей Цой Қазақстанның денсаулық сақтау министріболып тағайындалды, — деп хабарлайды і Ақорда.
«Алексей Владимирович Цой ҚазақстанРеспубликасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалсын», — делінгенПрезидент қол қойған жарлықта.
Алексей Владимирович Цой 1977 жылы 2 сәуірде ОңтүстікҚазақстан облысында дүниеге келген. Sells College (Лондон), Қазақстанмемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Оңтүстік Қазақстанмемлекеттік медицина академиясын, «Дәнекер» халықаралық құқық жәнехалықаралық бизнес институтын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығыжәне мемлекеттік қызмет академиясының корпоративтік басқару жоғары мектебінтәмамдаған.
Стэнфорд университетінде (АҚШ), Сингапурда,Мәскеуде, Германияда, Ұлыбританияда және тағы да басқа елдерде тағылымдамаданөткен. Іскерлік әкімшілік докторы, медицина ғылымдарының кандидаты.
Хирург-эндоскопист болып жұмыс істеген, Қалпынакелтіру хирургиясы және трансплантология орталығының аға ғылыми қызметкері,Ұлттық ғылыми медицина орталығының ішкі медицина орталығының жетекші ғылыми қызметкері,«Еуроазиаттық респираторлық қоғам» қоғамдық бірлестігінің бас хатшысы, ҚРПрезиденті Іс басқармасының Заманауи медициналық технологияларды енгізуорталығының директоры, ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығыныңбасшысы, Астана қаласының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері, ҚР денсаулықсақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, ҚР денсаулық сақтау вице-министріқызметтерін атқарған.
2019 жылғы ақпаннан бастап осы уақытқа дейінҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығынбасқарды.