Алексей Навальный табыс декларациясын жариялады

30.07.2020, 03:00

4

Ресейдің оппозициялық саясаткері Алексей Навальный мемлекеттік RT телеарнасының қызметкері Екатерина Винокуровамен жалақы деңгейі туралы интернетте біраз дауласқаннан кейін 2019 жылғы табыс декларациясын жариялады.

Құжатқа сәйкес, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген Навальный былтыр 5 млн 440 мың рубль табыс тауып, 326 мың рубль салық төлеген.

Навальный блогында «Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотында істермен айналысып, бұған қоса заңгерлік қызмет көрсетіп» табыс табатынын айтқан. Оның айтуынша, оның бизнесінің негізгі кіріс көзі — «Билайн» компаниясының негізін қалаушы кәсіпкердің ұлы, филантроп, бизнесмен Борис Зимин. Ол «Династия» қайырымдылық қорының да негізін қалаған.

Бұған дейін Навальный заңгер ретінде Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына өтініш әзірлеп жатқанын, оның шығынын Зимин өтеп жатқанын айтқан.

Навальный Жемқорлықпен күрес қорынан ақша алмағанын атап өтті. Шенеуніктер мен лауазымды тұлғалардың жемқорлық әрекеттері туралы зерттеу жасаумен айналысқан қор қайырымдылықтан түскен қаржыға істеп тұрған. Жақында оппозициялық саясаткер ақпарат құралдары «Путиннің аспазы» деп атайтын бизнесмен Евгений Пригожиннің шағымына байланысты Жемқорлықпен күрес қорын жабатынын айтқан еді.

Twitter-дегі дауда RT арнасының қызметкері Екатерина Винокурова Навальныйдан қарағанда жұпыны өмірі сүретінін айтқан еді. Саясаткер журналистен қанша ақша табатынын сұраған кезде ол Навальныйға әуелі өзінің табыс декларациясын көрсетуді ұсынған. Винокурова әзірге табыс декларациясын жариялаған жоқ.

Бұған дейін Навальный RT жетекшісі Маргарита Симоньянның табысы туралы зерттеу жариялаған. Саясаткер «ешкім көрмейтін RT телеарнасының қызметкерлері көп ақша табады, олар өмірдің қиындығына шағымдана қоймас» деп жазған.

Алексей Навальный 2017-2018 жылы сайлауалды кампаниясы кезінде табысы туралы ақпарат жариялаған.

«Династия» қоры ресейлік ғылыми жобаларды қаржыландырған. 2015 жылы ұйымды «шетел агенттері» қатарына қосқаннан кейін жабылған.

/*Telegram*/ #gr-961-tel { outline:1px solid #DEE1E2; height: 73px; padding: 0px 10px; margin-bottom: 15px; float: none; } #gr-961-tel img { width:130px; } #gr-961-tel:hover { outline:2px solid #61a8de; text-decoration: none; } #gr-961-tel .text { margin-right: 20px; text-align: center; } #gr-961-tel span { color: #61a8de; } #gr-961-tel p { font-size: 21px; margin:0; color: #7C858D; line-height: 1.2; }

Telegram бізге жазылыңыз

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аңдатпа


  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39
  • Көлік кептелісінен құтылар күн бар ма?
    18.09.2020, 14:27
  • Емханаға тіркелу науқаны басталды
    18.09.2020, 14:13
  • Мегаполистің білім саласы автоматтандырылды
    20.09.2020, 13:46
  • Интернетте балаларға қауіпті тағы бір ойын пайда болды
    20.09.2020, 13:34