«Әлем барысы» 92 201 теңге жалақы алады

04.02.2019, 22:06

43

Әйгілі палуан, үшінші рет өткізілген «Әлем барысының» жеңімпазы атанған Айбек НҰҒЫМАРОВ жаңа қызметке тағайындалды.Боз кілемде талай-талай атанжілік қарсыластарын қапы қалдырған, өзінің салмағынан бұрын, алған атағынан жер қайысатын «Әлем барысы» енді Семейдегі көлік колледжінің директоры қызметіне кірісті.Әрине, қазақ спортының абыройын аспандатып жүрген азамат қай салаға басшылыққа тағайындалса да тақиясына тар келмейді. Алайда, Айбек палуанның басшылық қызметі өзінің атын шығарған спорттан емес, облыстық білім басқармасына қарасты мекемеден табылғаны көзге қораш көрінетіндей ме, қалай?!Ел аузында «автомех» атанып кеткен колледждің қазіргі атауы – «ШҚО әкімдігі білім басқармасы «Көлік колледжі» КМҚК». Оқу орнына Айбек Нұғымаровтың конкурстық негізде басшылыққа келгендігін хабарлаған ШҚО білім басқармасының сайтында  оған қойылатын талаптар мен жалақысы да көрсетіліпті.«Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары білім, білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі және білім беру ұйымының кәсібіне сәйкес келетін ұйымдарда басшы қызметінде 5 жылдан  кем емес жұмыс өтілі. Лауазымдық ақысы 92 201 – 111 845 теңге көлемінде» делінген аталған басқарманың сайтында.Фото: nur.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 05:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 12:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 08:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 08:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 07:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 10:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға

Аңдатпа


  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    11:11
  • Мұғалімдер vs Кітапханашылар: Аймағамбетов кім жағына шығады?
    01.12.2020, 10:11
  • «Утемисов», «Датулы», «Клышев» көшелерінде тұрамыз
    30.11.2020, 14:35
  • "ХҚКО-ның санитарлық тораптарында «жағдай» айтарлықтай мәз емес"
    30.11.2020, 13:59
  • COVID-19: қай өңірлердің "қызыл аймаққа" енгені белгілі болды
    30.11.2020, 13:04