Әлем чемпионы жеңіліп қалды

27.08.2018, 23:32

9

Бокстан 2017 жылғы әлем чемпионы қазақстандық Қайрат Ералиев (56кг) Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында бірінші айналымда жеңілді. Ол бірінші айналымда таиландық Чатчай Вутдимен кездескен. Бес төреші де жеңісті Таиланд боксшысына берді.Қайрат Ералиев 2017 жылы Гамбургте өткен әлем біріншілігінде алтын алған.Қазақстан Джакартадағы Азия ойындарында ерлер арасындағы жарысқа жеті боксшы апарған. Жарыс алдында Азаттыққа сұхбат берген құрама бапкері Мырзағали Айтжанов Азия ойындарында екі алтын алуды жоспарлайтынын айтқан.Қазір Қазақстан 6 алтын, 8 күміс, 28 қоламен жалпы есепте 11-орында келеді. Бұған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин алтын алса, велоспорттан Алексей Луценко Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған. 25 тамызда джиу-джитсудан Дархан Нортаев пен Руслан Исраилова Азия ойындарында жеңімпаз болған.​Азия ойындарына 440 қазақстандық спортшы қатысып жатыр. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар. Азия ойындары қыркүйектің 2-cі күні аяқталады.​Дереккөз:Азаттық радиосы
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 11:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 18:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 14:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 14:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 13:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 16:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға

Аңдатпа


  • Жарты мүшелі жан жұртқа жігер беріп отыр (видео)
    29.09.2020, 10:22
  • Ар сатылды, кен шашылды
    29.09.2020, 09:55
  • Ұлттық банк теңгенің әлсіреуіне қатысты түсінік берді
    28.09.2020, 15:45
  • «Shymkent bike» қызметін пайдаланушылар көбейді
    26.09.2020, 15:01
  • Үш мыңға жуық медицина қызметкеріне біржолғы төлем берілді
    28.09.2020, 11:16