Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:00, 11 Қараша 2023

Әлемде алғаш рет көзді трансплантациялау отасы жасалды

көз
Фото: Reuters

Нью-Йорк хирургтары алғаш рет адамның көзін басқа науқасқа ауыстырды. Науқастың көру қабілеті қалпына келмесе де, бұл жетістік деп аталды.

NYU Langone Health хирургиялық тобының айтуынша, трансплантацияланған көз 6 айдан кейін жақсы жұмыс істейтін қан тамырлары мен перспективалы торлы қабықты көрсетті. Бұл туралы reuters  жазды.

Хирургтер тобын басқарған доктор Эдуардо Родригес: «Біздің көзді трансплантациялау фактісі ғасырлар бойы ойластырылған, бірақ ешқашан жүзеге аспаған алға жасалған үлкен қадам», - деді.

Басылым дәрігерлердің осы уақытқа дейін тек қасаң қабықты – көздің мөлдір алдыңғы қабатын трансплантациялауға қол жеткізгенін жазады.

«Көру қалпына келтірілсе, тіпті жақсы болар еді, бірақ ... мақсат техникалық операция жасап, көз алмасын құтқару болды», - дейді Родригес.

Қазіргі уақытта трансплантацияланған көз көру жүйкесі арқылы мимен байланыспайды. Родригес көзді трансплантациялау көруді қалпына келтірмесе де, көптеген жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп есептейді.

көз
Фото: Фото: Reuters

 

«Егер біз көруді қалпына келтірудің немесе қасаң қабықтағы кескіндерді қалпына келтірудің басқа әдістерімен жұмыс істейтін ғалымдармен бірлесіп жұмыс жасасақ, онда  табысқа бір қадам жақындаймыз», - деді Родригес.

Трансплантацияланған адамның есімі - Аарон Джеймс. Ол 46 жаста, беті, мұрны, аузы және сол көзі ток соғудан зардап шеккен.

Оң көзі әлі көретін Джеймс трансплантацияланған сол көзінің көру қабілетін қалпына келтіре алмайтынын білді. Оның айтуынша, бұл туралы дәрігерлер алдын ала ескерткен. Соған қарамастан ол бұл операцияға ғылыми мақсатпен келіскен.

Родригес Джеймс трансплантацияланған көздің көру қабілетін қалпына келтіре алады деп есептейді.

Тегтер: