Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:30, 08 Тамыз 2023

Әлемде пандемияның қайталануы мүмкін деген қауіп бар

None
None

Осыған байланысты  британ ғалымдары вакцина жасау ісін жетілдіруді қолға алды. Бұл туралы  24.kz жазды.

 

Мақсат — жаңа кеселге қарсы екпені қысқа уақыт ішінде әзірлеуді үйреніп, індеттің таралуына жол бермеу.

Ұлыбританияда жаңа індетке қарсы вакцина жасау жұмысы Уилтшир графтығындағы Портон-даун зертханасында жүргізіліп жатыр. Ғылыми жобаға 100-ден аса маман жұмылдырылған. Айтуларынша жаңа індет 3 жыл бұрынғы коронавирус сияқты жануардан тарауы мүмкін. Осыны негізге ала отырып қауіпті вирустардың тізімі жасалған. 

"Қазір біз әлемде жаңа пандемияның туу қауіпін зерттеп жатырмыз. Бұл бір жағынан адамдардың қалаларға көптеп шоғырлануымен байланысты. Мысалы, құс тұмауын алайық. Климаттың өзгеруі де жаңа індеттің шығу қауіпін арттыруы ықтимал. Сондықтан мұндай жағдайдың алдын алу үшін ғылыми зерттеулерді күшейтуіміз қажет", -  Ұлыбритания Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің атқарушы директоры Дженни Харрис.

Британдық ғалымдар терең зерттеп жатқан кеселдердің арасында құс тұмауынан бөлек маймыл шешегі, тышқан безгегі сияқты вирустар бар. Мамандар бұл аурулар жаңа пандемияның пайда болуына әкелуі әбден мүмкін -дейді.

«Жаһандық жылынудың салдары жыл сайын күшейіп келеді. Мысалы біз маса мен кене арқылы тарайтын аурулардың өзгеріске ұшырауына куә болып жатырмыз», - Ұлыбритания Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің бас ғылыми қызметкері Изабель Оливер.

Ғалымдар жаңа кеселге қарсы вакцинаны 100 күн ішінде жасап шығаруды мақсат етеді. Орталық мамандарының бұл істе тәжірибесі мол. Зертхана Конго-Қырым қанды безгегіне қарсы алғаш болып екпе жасап шығарған. Қазір вакцинаны сынау жұмыстары жүріп жатыр.

Тегтер: