Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
21:14, 13 Наурыз 2024

Әлемдегі демографиялық дағдарыс Қазақстанға қауіп төндіре ме?

демография
Сурет Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанның демографиялық саясаты  отбасыларды қолдауға бағытталған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің болжамы бойынша, 2050 жылға қарай Қазақстан халқының саны 27 миллион адамнан асуы мүмкін. 

Сондықтан елімізде демографиялық процестерді басқаруды бақылап отыру да маңызды. 

Статистикалық мәлімет бойынша, 2023 жылы қараша айында Қазақстан халқы 20 миллионға жетті. 20 миллионыншы атанған 5 баланың әрқайсысына 2 миллион теңгеден сыйақы берілді.

Елімізде халық санының артуын бақылап отыру неліктен маңызды?

Себебі әлем елдері, әсіресе дамыған елдер халқы қартайып барады. Бұл мемлекеттерде туу көрсеткіші жылдан-жылға төмендеп келеді. Мұндай елдер қатарында Кәрі құрлық мемлекеттері, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея бар. Мысалы, The Guardian басылымының мәліметінше, 2023 жылы Қытай халқы 2,75 миллион адамға азайған. Ал, Жапония елі 800 мың адамға қысқарған. Сол сияқты Оңтүстік Корея мемлекеті де 2070 жылдарға қарай халық саны 25 миллионға азайып кетуі мүмкін. Аталған елдердің үкіметі бұл мәселелерге алаңдаулы. Жапония елі биыл демографияны көтеру үшін 228,3 миллиард доллар бөлген. Бірақ сонда да жапон әйелдері бала тууға асықпайды. Себебі аталған елдерде бала туып, өсіру материалдық жағынан өте қымбатқа түседі. БҰҰ-ның мәліметі бойынша туу көрсеткіші әлем бойынша алдағы 30 жылда 1 пайызға азаяды. Бұл әлем елдерінің ішінде демонрафиялық теңсіздікке, жұмыс күшінің тапшылығына ікелуі мүмкін. Қазір дамыған елдер туу көрсеткішінің жыл өткен сайын қысқарып бара жатқанына алаңдаулы. Мысалы, Канада 2023-2025 жылдар аралығында жұмыс күшінің тапшылығынан сырттан 500 мың адамды тартуды жоспарлаған.

Дағдарыс Қазақстанға қауіп төндіре ме?

Демографиялық өсу – мемлекет дамуының маңызды көрсеткіші. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің болжамы бойынша 2030 жылға қарай еңбекке жарамды жастағы халық саны 2 пайызға, еңбекке жарамды халық саны 11 пайызға артады. Белгілі демограф Аяулым Сағынбаеваның айтуынша Қазақстанға әлемде болып жатқан демогрияфиялық дағдарыс әзірге келмейді. Себебі елімізде туу көрсеткіші жыл өткен сайын жоғарылап келеді.

Аяулым Сағынбаева

«Бізде ең төменгі туу көрсеткіші 1998 жылы болды. Содан бері өсіп келеді. Қалаға қарағанда ауылдық жерлерде туу көрсеткіші жоғары. Әсіресе, Оңтүстік өңірлерде көпбалалы болу басым. Ал Шығыс өңірлерде туу көрсеткіші оңтүстікпен салыстырғанда біршама төмен. Сонымен бірге елімізде 30-дан асқан аналар үшінші, төртінші тіпті бесінші балаларын өмірге әкеліп соның есебінен туу көрсеткіші жақсарып отыр», - дейді демограф.

Елімізде бала тууға бірнеше жеңілдіктер қарастырылған. Мысалы:

- Босанғанға дейін жұмыс істеген де, жұмыс істемеген де барлық әйелдердің бала тууына байланысты мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар;

- 2024 жылы алғашқы үш баланың дүниеге келуіне 140 296 теңге (38 АЕК) төленеді. Қазірдің өзінде төртінші балаға және одан кейінгі балаларға – 232 596 теңге (63 АЕК) қарастырылған;

- Бала туылғанға дейін жұмыс істеген және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған әйелдер жүктілікке және босануға байланысты қосымша төлемдерге құқылы;

- Бала 1,5 жасқа толғанға дейін бала күтімімен айналысатын анасы, әкесі немесе туыстары мемлекеттік жәрдемақы алады.

- Бұрын жұмыс істемеген және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған адамдар күтім бойынша жәрдемақы алуға құқылы.

2024 жылға арналған АЕК-ті ескере отырып, төленетін сома мынадай болады:

Бірінші балаға – 21 266 теңге.

Екіншісіне– 25 143 теңге.

Үшіншісіне – 28 982 теңге.

Төртінші және одан да көп болса – 32 859 теңге.

Бұл көмектерден бөлек елімізде балаларға арналған ұлттық қор құрылды. Енді Ұлттық қордан ақша кәмелетке толмаған әрбір қазақстандықтың шотына аударылатын болады. 18 жасқа дейін жиынтық сома 3,5 мың долларды құрайды. Бұл қаражатты бала болашақта шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға, сондай-ақ баспана алуға жұмсауына болады.

Сурет Tengrinews.kz/Әлихан Сариев