Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:04

Әлемдегі ең қуатты армиялар рейтингі жарияланды: Қазақстан қай орында?

Армия
Фото: ЖИ / Жас алаш

Global Firepower Index ұйымы әлем елдерінің әскери қуатын бағалайтын жаңартылған рейтингін жариялады. Тізімге енген 145 мемлекеттің ішінде Қазақстан Қарулы күштері 58-орынға тұрақтады.

Global Firepower Index дерегіне сәйкес, Қазақстан армиясы әскери әлеуеті бойынша Орталық Азия елдері арасында екінші орында тұр. Аймақта көшбасшылықты Өзбекстан иеленсе, Қазақстан одан кейінгі орынға жайғасқан.

Сарапшылар армиялардың қуатын 60-тан астам көрсеткіш бойынша бағалаған. Негізгі өлшемдер қатарына:

  • қорғаныс саласына бөлінетін қаржы көлемі,

  • әскери техниканың саны мен сапасы,

  • жеке құрамның саны,

  • танктер, ұшақтар, әскери кемелер,

  • мұнай ресурстары,

  • елдің географиялық ерекшеліктері,

  • өндірістік және логистикалық мүмкіндіктері енгізілген.

Рейтингке сәйкес, Қазақстанмен шектесетін елдердің көрсеткіштері төмендегідей:

  • Өзбекстан – 53-орын

  • Қазақстан – 58-орын

  • Түрікменстан – 78-орын

  • Тәжікстан – 100-орын

  • Қырғызстан – 109-орын

  • Ауғанстан – 121-орын

Ал бұрынғы КСРО елдері арасында Қазақстан орта топта орналасқан. Бұл санатта Ресей (2-орын) мен Украина (20-орын) айтарлықтай алда тұр.

Жалпы әлем бойынша әскери әлеуеті ең жоғары бағаланған топ-10 ел:

1.АҚШ

2. Ресей

3. Қытай

4. Үндістан

5. Оңтүстік Корея

6. Франция

7. Жапония

8. Ұлыбритания

9. Түркия

10. Италия

Ал рейтингтің ең төменгі сатыларынан Бутан, Белиз және Орталық Африка Республикасы сияқты мемлекеттер орын алған.