Әлемді әбігерге салған тоғыз індет

25.03.2020, 17:54

12

 Қытайдың Ухан қаласынан басталғандерт бүкіл әлемді шарлап барады. Қытайда аталған індеттен 3000-ға жуық адамқайтыс болды. Қазір аспанасты елі «бұл індетті тоқтаттық» деп отыр. Бірақ атыжаман ауру әлемнің басқа құрлығына ауды. Бүгінде дүниежүзінің 180-ге жуық еліндеіндет жұқтырғандар 372 мың адамнан асты. Індеттен 101 мың адам айықты, 16,3 мыңадам қайтыс болды.

  Бұл – ғасыр дерті. Қазір  төрткіл дүние шекарасын жапты, бірқатар елдеркоронавирус жайлаған қалаларға кіріп-шығуға тыйым салды.  Коронавирус әлемдік экономикаға орасан зоршығын әкелді. Бұдан біз де сырт қала алмадық.

Қазақстан президенті Қасым-ЖомартТоқаев елде төтенше жағдай жариялады. Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында – карантин.Кіріп-шығуға жол жоқ. Елімізде коронавирусты жұқтырғандардың саны күн санапкөбеюде. Полиция мен дәрігерлер ерекше режимде қызмет етуге көшті. Төрткілдүние қазір алаңдаулы. Бірақ бұл әлемде бірінші рет болып отырған оқиға ма?

Адам баласы тарихында неше түрлізұлмат оқиғаларға кезікті. Сарапқа салар болсақ,  ғасыр дерті араға 5-10,кейде 50 жыл  салып қайталанып отырады екен. Мұның себебі неде? Кейбіреулермұның сырын басқадан іздейді: «Жер шары саны күрт артып бара жатқан адамзатты болашақтаасырай алмайды. Сондықтан мақсатты, бірақ жасырын жұмыс істейтін белгісізтоптар осылай әртүрлі инфекциялық ауруларды білдірмей төрткіл дүниеге таратыпотырады». Бірақ бұл болжам шындыққа жақын ба? Сенімсіз. «Бұл алпауыт елдердіңгеосаяси ойыны» деген де ақпар бар. Алайда ақиқаты – адамзат қазір жойқын қарусыз-ақ жазықсыз қырылып жатыр.

 Рас, алаңдайтын нәрсе бар: соңғығасыр өмірге озық өркениетті әкелгенімен, адам баласы жазықсыз құрбандыққашалынды.  Ашаршылық пен Екінші дүниежүзілікекі соғысты айтпай-ақ қоялық, осындай жұқпалы індеттен әлемде миллиондаған адамқырылды. Ғасыр дерті қолдан жасалына ма, жоқ па, ол басқа  әңгіме. Бірақ адамзат осы уақытқа дейінгі дамутарихында он шақты індетті басынан өткізді. 

  1. Тарихқа көз салсақ, өткен ғасырдың 60-жылдарыныңортасында әлемді жайлаған оспа індеті 2 миллион адамның өмірін жалмады. Оспавирусын жұқтырған ең соңғы адам 1977 жылы өлді.

  2. Ал 1918 жылы әлемді кезген испан тұмауынан 30 миллионнанастам адам құрбан болды. Бұл сырқатты Еуропадан Латын Америкасы мен АҚШ-қабарған испандық азамат таратқан. Бірнеше айдың ішінде дем жетпей, 20 миллионадам қайтыс болған. Испан тұмауы адамзат тарихындағы ең залалды жұқпалы дертболды.

 3. 1980 жылдары СПИД инфекциялық дерті ғаламдық індетке айналды.Әлем бойынша 25 миллион адам өлді. Қазір әлемдегі 33 миллион адамда осы жұқпалыаурудың белгілері бар. Нашақорлар мен қорғалмаған жыныстық қатынас және қантамырлары арқылы тарайтын бұл аурудың емі табылған жоқ.

 4. Еуропадан тараған холера безгегі де бүгінде  жұқпалы вирустың біріне айналды. Өндірістікқалдықтар мен судың ластануынан пайда болатын бұл инфекциядан құтылу өркениеткежетсек те,  әлі үлкен проблема.

 5. Құс тұмауы да әлемдік қауіпті дерт. Оның вирусы XX ғасырдың басында Италияда анықталса да,  ұзақ уақыт бойы адамға қауіпсіз делініп келді.Құс тұмауы алғаш рет 1997 жылы Гонконгта тіркелді. Онда аталған вирустың Н5N1түрімен 18 адам науқастанып, алтауы қайтыс болды. 2003 жылы Вьетнамда,Камбоджада, Қытайда, Индонезияда, Лаоста, Пәкістанда, Кореяда, Таиландта,Тайвань мен Жапонияда тарады.  2003 жылдан бері құс тұмауымен 100 адамсырқаттанып, олардың жартысынан көбі өлген. 2005 жылдың жеті айында әлемде құстұмауына шалдыққан 67 адам тіркелді, аталған дертке негізінен 25 жасқа дейінгіжастар шалдықты.

 6. Ал эбола вирусы алғаш рет  1976 жылы Судан еліндегі Эбола өзенініңбойында пайда болды. Ол кезде 284 адам ауырып, оның 53 пайызы қайтыс болды.Вирустың екінші ошағы бірнеше айдан кейін Заир мемлекетінің Ямбуку атты елді мекеніндетарады. Ауруды жұқтырған 318 адамның 88 пайызы өмірден өтті. Ал Гвинеяда 1199адам ауырып, 739-ы қайтыс болды. Испанияда – 1, Либерияда – 2069, Нигерияда – 8,   Сенегалда– 1,  АҚШ-та – 1,  Сьерра-Леонеде 623 адам қайтыс болды.

7. Зика вирусы алғаш рет 1947 жылы Уганда мемлекетінің  Зика орманындағы маса мен маймылдан адамдарғажұққан. Сөйтіп, індет

Латын Америкасына тараған. 2015 жылы зика безгегімен Бразилияда  1,5 миллион адам ауырған. Бұл кейін Еуропақұрлығына жетіп,

Португалия, Италия, Испания және Францияда да вирус табылған. Бұл жұқпалыауру Бразилияға іссапармен барып келген адамнан жұққан.

Әлемнің 23 елінде кездескен зика вирусы әсіресе 2015 жылдары  Оңтүстік Америка аумағына көп залал келтірді.

8.  Шошқа тұмауы дасоңғы бес-алты жылда адамзатты қатты алаңдатты. 2014 жылы Мексикада шошқатұмауынан 421 адам қайтыс болып, 3,7 мың адам аталған вирусты жұқтырды. ТМДаумағында ең зардап шеккен ел Грузия болды. Мұнда вирустан 15 адам көз жұмды. Грузияменқатар орналасқан бірқатар елдер сол кезде біраз уақытқа дейін  шекарасын жапты.

2016 жыл шошқа тұмауы елімізді де әбігерге салғаны белгілі. Бірқатараймақтарда шошқа тұмауын жұқтырған дерек тіркелді. Бірақ дәрігерлердіңқатаң  қадағалауының нәтижесінде оларжұқпалы аурудан айықты.

 9. Бұрынғыдай  болмаса да, құрт ауруы да қазір қауіптіжұқпалы дерттің біріне жатады. Бүгінде әлемде туберкулезден жылына 2 миллионнанастам адам қайтыс болады. Адам баласы бұл дерттен толық құтылмаса да, қазір оның алдын алудың жолын іздестіруде. Құрт ауруы, негізінен, иммунитеттіңнашарлауынан, дұрыс тамақтанбаудан және кедейшіліктен пайда болатыны жасырынемес. Бірақ бір ақиқаты – өркениет дамыған сайын адам баласына құпия әрітүсініксіз түрде кенеттен келетін осындай жұқпалы вирусқа кез келген мемлекетқорған бола алмай отыр.

Міне, әлемнің даму  тарихына көз салар болсақ, адамзат кенеттенкелетін індетке араға жылдар салып жиі ұшырап отырады. Қалай айтқанда да, тосынзобалаң залалсыз болмайды. Қазір әлем сақтық шараларына көшті. Коронавирус көршіҚытай елінен шықса да, елімізге  Еуропақұрлығы арқылы жетті. Қазіргі басты міндет – барынша сақтық шараларын жасау.Сонда ғана біз әлемді әбігерге салған індеттен құтыла аламыз. Ең өкініштісі, адамбаласы  бұрынғы залалды оқиғалардан әлі сабақалмай келеді.

Алаңдататыны да осы.

БатырЖАСҰЛАН

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 18:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 19:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 16:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 02:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 17:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 16:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • Tengri Bank салымшылары кепілдік өтемін қай банктен және қалай алады
    25.09.2020, 10:26
  • Бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды
    23.09.2020, 09:43
  • Nur Otan еліміздің солтүстік облыстарына қатысты қандай уәде береді?
    22.09.2020, 09:50
  • Конгресс-Холл экс-директоры миллиардтаған ақша жымқырған ба?
    21.09.2020, 15:07
  • 100 жастағы әжей пневмониядан жазылып шықты
    20.09.2020, 14:39