Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
06:32, 28 Шілде 2020

Әлемді басқарудың кілті

 Шамбала  туралы шындық

 Жақында Германия, Ұлыбритания және АҚШ  кезіндегі үшінші  Рейхқа байланысты   кейбір құпия құжаттардың   сырын  ашуды  кейінге  қалдырды.

Дұрысы – 2044жылға  дейін. Неге? Тіпті кейбірқұжаттардың құпиясын ашу ол мерзімнен де кейінге шегерілді. Соның  ішінде негізгісі –  СС  бөлімінің бес  офицерінің, яғниоберштурмфюрер Генрих Харрер бастаған топтың  Тибетке  құпия сапары. Гимлердің   арнайы  тапсырмасымен келген   олар  Тибеттегі кез келгеннің  табаны  тие  бермейтін,   шытырман  оқиғасы мол,   ғажайып  тау Кайлаштан   жер  кіндігін  тауып қайту  еді.  Жер кіндігін  табу –    бүкіл әлемге  жеке-дара  қожалық ету  деген  сөз. Жер кіндігін  табу – уақытты  кері айналдыра  отырып, өзіңе  ұнаған жолмен  жүру  деген сөз. Сондықтан  үшінші  Рейх қалайда  құдіретті тылсым  күшіне ие  Шамбаланы іздестіруді  алға мақсат  етті.

      Себеп, әрине,   көп. Соның  біріншісі – кез келген    саналы тіршілік  иесі мәңгілік  өмір іздейтіні  белгілі.  Ол үшін    адамға  жайлы жұмақ  өлке  қажет-ақ. Ол қайда?  Үшінші Рейх  басшыларының  алдында осындай  жұмақта  өмір сүрсек  деген  қияли арман тұрды. Екінші  бір  себеп – дәл сол  тұста,  яғни 1942  жылы   Сталинград түбінде  неміс  әскерлері қоршауға  алынды,  оның үстіне  Африка  жерінде  тұрған    армиясы   талқандалды.   Осының бәрін   безбенге  салған Гимлер Гитлермен  жедел  кездесіп,  оңаша  алты  сағат   сөйлесті.   Гимлердің  қолында   2000  беттік  құпия құжаттар  (бұл  құжаттардың кейбірі  1990  жылы   кездейсоқ  ашылды)   болды. Фашистік  Германияның    ішкі істер  басқармасының    және СС  арнаулы  жасағының басшысы  Гимлер Гитлермен   алты сағат  не  жөнінде сөйлесті?   Қазір  басы ашылып,    белгілі болған  кейбір құжаттардағы   деректерге  назар аударсақ, әңгіме  ауаны жедел түрде  Тибетке  ғалымдар мен  альпинистерден  тұратын экспедиция  аттандыру жөнінде  болған.  Олардың  міндеті   құпия үңгір – Шамбаланы   іздестіру  еді. 

      Гимлердің бұл  жерде  алға қойған  мақсаты Шамбаланы,  яғни жер  кіндігін  таба отырып, уақытты артқа бұрап,   Германия үшін  ең  қолайлы 1939  жылға   кері қайту  болатын. Осы  жылдан 1942  жылға  дейін жіберген  қателіктерді түзетіп,  соғыста  қалайда жеңіп  шығудың жолын  қарастыру еді.  Құпия  деректер осылай  дейді.  Тибетке    сапар  жасау жобасы  үшін    құпия сызбалары  мол арнайы  карта да даяр  тұрған. Оны да  осы үшінші Рейхтың 1938  жылы Тибеткесапарлап  барып  қайтқан құпия экспедициясы  жасап келген еді.Осы  жерде  бір айта кетер  жайт,   сол экспедицияның  Тибетке жасаған   сапары  жөнінде түсірілген  өте  құпия деректі   фильмдер Берлинді   кеңес  әскері   басып  алған кезде   қолға түскен.  Өкінішке  қарай, осы  фильмдермен  бірге,  Шамбалаға  баратын  жол,   жер кіндігінің  сызбалары –    барлығы снаряд  түсіп  талқандалып, өртеніп  кеткен-мыс.

      Әрине, «немістердің  айдаладағы Тибетте   несі  бар, мұның  бәрі  кейіннен ойлап табылған  қиял-ғажайып  әңгіме емес  пе»  деген заңды  сұрақ  тууы мүмкін. Бір  қызығы, 1945  жылы   жартылай   бомба  түсіп бұзылған Рейхкеңсесінің   жертөлесінен    НКВД  офицерлері  өліп  жатқан  Тибет  ламасының  денесін   кездестірген.  Осының  өзі-ақ үшінші  Рейхтың  Тибетке  сапар  жасау  мәселесі шындық  екенін  танытары хақ. Сонымен, немістердің Тибетке жасаған сапарына келейік. 1943 жылдың  қаңтарында австралиялық   кәсіпқой   альпинист  Генрих Харрер  және Гимлердің  сенімді өкілі Петер Ауфшнайтер бастаған   бес  адам  өте  құпия  түрде Тибетке  аттанды. Бұл жөнінде  үшінші Рейхтың  санаулы  басшылары ғана  хабардар  еді.  Алайда  мамыр айында  Үндістанды отарлап  отырған британдықтар  оларды   сол жерде  ұстап, қамауға  алды. Дегенмен  кім  көмектескені белгісіз,  бұл  бесеу түрмеден  қашып шығып,   жер кіндігі  Шамбаланы іздеуге  ит  тұмсығы өтпес  жыныс  орманды  көктей  өтіп, адам  шығуы мүмкін емес  қия  беткей, шың-құздарды  басып  өтіп,  Шамбалаға  бет  алды. Бұдан ары  сапардың  барысы қалай болды,  әлі  күнге белгісіз.

      Олар жеті  жыл Шамбаланы  іздеп, адасып  жүрді. Әртүрлі  жағдайда бірге  жүрген серіктері  өліп,  тек Генрих пен Петер  ғана  аман қалған.  Бұлар  адасып жүріп бір  үнділікке кез  болады. Содан  соғыстың біткенін,  немістердің  жеңіліс тапқанын  естиді. Тибетте  жеті жыл  тентіреген   немістер Шамбаланы  тапты  ма, жоқ  па?  Осы экспедицияның  өмірін  зерттеген кейбір тарихшылар  «олар  Шамбаланы тапты, бірақ  жер кіндігін қалай бұраудың  жолын білмеді»  деген  дау айтады.  Кім  білсін?   Тибеттік   ламалардың  сөзіне  сенсек, Шамбаланы  тапқан жан   әлемдік  уақытты басқаруымен  қатар, ерекше  тылсым күшке  ие  болатын көрінеді.  Ғажайып  күйге енген  адамның  бойына өлмейтін күш  дарымақ. Осының  бәрін Тибет ламаларынан естіп-білген  ГимлерШамбала  табыла  қалған жағдайда   сол  жерге мыңдаған   арнаулы  жасақ аттандырып, өлмейтіндердің легионын жасақтамақ  болған. Егер де солай  бола қалған  жағдайда  Екінші дүниежүзілік  соғыстың  қорытындысы өзгеше  болып,   тарих басқа бағытқа  бет  алар ма еді?!  

       Сонымен, 1943  жылы Тибетке  аттанған  топтың соңғы тұяғы  Харрер  ұзақ уақыт Далай  ламаның  сарайында оның  баласын  ағылшын тіліне  үйретіп,  тек 1951 жылы  еліне, Австрияға  оралды. Жай  оралған  жоқ, мәңгілік  жұмақ мекен –Шамбала  жөнінде  көптеген   деректер ала  келді. Бірақ олдеректерді  бірден британдықтар  тәркілеп алып,  құпия  мұрағатқа аттандырды. Дегенмен  араға біраз уақыт  салып,   альпинист «Жеті  жыл  Тибетте» деген   мемуар кітабын  жарыққа шығарды.  Кейіннен  осы кітаптағы    оқиғаны негізге ала  отырып Голливуд  керемет    кино түсірді.  Осы  аралықта Гимлердің  Тибетке  экспедиция  жіберуі  жөніндегі кейбір  деректердің  беті ашылды. Бірақ  ол кезде Харрер бұ дүниелікемес  еді.

        Харрерден  тартып алынған  деректер мен фильмдерді  Британ  үкіметі әлі  құпия  сақтауда. Онда Шамбалаға баратын  жолдың сызбалары  бар  көрінеді. Осы тұста айта  кететін  тағы бір  жайт, 1920  және 1924 жылдары Британ  үкіметі деТибеттен Шамбаланы  іздеу  үшін  екі  экспедиция  аттандырған еді. Ол сапарды  сол  кездегі атақты   профессорлар   Лаффтер мен Кенсингтон  басқарып  барды. Бірақ   осы екі  топтың да  тағдыры  белгісіз. Қайтып елге оралмаған. 1997 жылы Непалдағы буддистердің   Капан монастырының   бас  ламасы  «Би-Би-Си»  арнасына  берген   сұхбатында: «Әрине,  жолы  болған жан Шамбалаға  барып,  жер кіндігін көруіне  болады. Бірақ  ол  жерден кері  оралатындар өте сирек», – дегендіайтқан.  

        Жалпы, «үшінші  Рейх Шамбаланы  қайдан  білді» дегенге  келсек, Гитлердің  жақын досы  Рудольф  Гесс Мюнхен  университетінің  профессоры КарлХаусхофердің  шәкірті  болған. Ал Хаусхофер ХХ  ғасырдың  басында Германияның  Жапон  еліндегі  әскери атташесі  болған. Сондажүріп Карл Хаусхофер шығыстың «Жасыл  айдаһар»  атты ең құпия  ұйымының   мүшесі болып кірген.  Тибет орталығы Лхасадағы  монастырьда   арнайы дайындықтан  өтеді. Бірінші дүниежүзілік  соғыста Хаусхофер  өзін жақсы  қырынан  көрсетіп,  вермахтың   генералы  деңгейіне дейін  өскен. Оның  маңайындағылар  жас генералдың  өте  талантты, болжамы  нақты  шығатынына таңғалысқан. Ол  мықты  көріпкел еді. Артынан,  өзінің  айтуы бойынша, бойындағы  көріпкелдік,болжам жасаушылық  қасиет монахтардыңортасында арнайы дайындықтан  өткен соңпайда болған. Ал үшінші  Рейх  басшыларының шығысқа деген  қызығушылығына  осы Хаусхофер үлкен  әсер  еткен. Оның Тибет  жеріндегі   керемет мекен  жөніндегі әңгімесі   Гимлер бастаған  топты жер кіндігін  іздеп табуға  жұмылдырған.

      Шындығына келсек, фашистердің   бүкіл  мемлекеттік нышандары,   соның ішіндегі свастикасы (мемлекеттік белгісі)  Германияға Тибеттен  келгені белгілі. Оны да  әкелген –Хаусхофер. 1904-12 жылдары көне қолжазбаларды іздеп Лхасаға  барғанХаусхофер  болашақтағы  неміс экспедицияларының  бастамасы  болғаны хақ.   Жалпы, үшінші  Рейх үшін  тибеттіктердің    рөлі үлкен  болған.  Неге дегенге  келсек, деректерәлемді  басқарудың  кілті Тибет жерінде  болған  деген айғақты алға  тартады. Ал  әлем қожасы  атануға  тырысқан Гителер ол елдің тылсым  күштерді игере  алған құпия  ұйымдарымен тығыз  қатынас  орнатқан. 1945 жылы Берлинге шабуыл  кезінде кеңес әскерлері фашист  өліктерінің  арасынан мыңға  тарта өлген  үнді-гималай тұқымдас  ұлттардың денелерін  кездестірген. Олардың  бәрі  өз-өздерін өртеп  шейіт  болғандар. Күйіп  кеткен  олардың   жанынан ешқандай құжат табылмаған. Осының өзі-ақ  Гитлер және  оның  айналасының тибеттіктермен  жақсы қарым-қатынаста  болғанын,   олар білетін  тылсым  күштерді игеруге күш салғандарын көрсетеді.

          Әлемді басқарудың  кілті  болатын Шамбала  шындық па,  әлде  алыпқашпа әңгіме  ме?  Мұны «нақты»  деп  ешкім де айта алмайды,  сол  сықылды «жоқ»  деп  те оны  ешкім өтірікке  шығара алмайды. Өтірік  болса, Британия,Германия, кезіндегі  КСРО  миллиондаған қаржы  бөліп,  ондаған экспедицияны құпия  түрде Тибетке   аттандырмас еді. Барлығы да  құдіреті  күшті тылсымды  игеріп, әлемді  билеп тұруға  ұмтылғаны  шындық. Немістердің свастикасы секілді  Кеңес  елінің бесжұлдызды   нышаны  да  солТибет   жерінен келген. Бұлардың  бәрі Тибет ламаларының  құрал-рәсімдері  еді. 

         Жалпы, Шамбаланы  іздеп аттанған  экспедициялар оны  тапты ма,  жоқ  па, белгісіз. Бәрі  бүгінгі  күні құпия. Шынтуайтында, Тибет әлемдегі  ең  жұмбағы ашылмаған   мекенге жатады. Ондағы бар  құпия  тылсымды бойына сақтаған  Нам-цо  көлі, Ярлунг Цангпо  өзені, Кайлаш  тауы әлі  сырын  адамзатқа аша  қойған  жоқ. Тіпті  Кайлаш   тауынан   жақында «тірі»  және «өлі»  су  табылғаны жөніндегі   сенсациялық  дерек әлем  баспасөзінің «нанына»  айналғаны белгілі. Тибет  иогалары  осы «өлі»  суды  ішіп, өздерін   біраз  уақыт не  болмаса  ондаған жылдарға «өлтіріп»,  сосын «тірі»  суды  ішіп, қайтадан  тірілетіні де таңғалмасқа  болмайтын жайт.  Бұл сулардың қасиеті – адамдардың  ағзасын  жасарта алатын құдіретке ие. Рак секілдіғасыр  обаларының  да бірден-бір  емі  көрінеді. Кайлаш  тауындағы   құдіретті су  жөніндегі   әңгімемізді  алдағы  санда  жалғастыратын боламыз. Сонымен, әлемдік уақытты алға  не  кері жылжыта алатын  жер кіндігі – Шамбала  бар ма,  жоқ па? Мұның  ақиқатын   алдағы  уақыт   көрсете жатар. 

Күлтегін БЕК

Тегтер: