Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:59, 31 Қазан 2022

«Әлемдік экологиялық сұрақтардан Қазақстан бас тартқан емес»

None
None

ХХІ ғасырдың ең ауыр апаты – экологиялық апат. Әлем экологиядан зардап шегіп отыр.

Экология дегеніміз – өзіміз өмір сүріп отырған жер ананың денсаулығы. Оны аялау, экологияны сақтау әрбір адам баласының бұлжымас міндеті. Табиғатқа зиян келтіретін бір тал қалдықтың өзінің қоршаған ортаға тигізетін залалы шаштан қалың. Осы тұрғыдан келгенде, экология сақтау, қоршаған ортаны қорғау – соғыстан да маңызды шарауа деп түсінгеніміз абзал.

Қазақстанда экологиялық апатты қалалардың тізбегіне Алматы, Теміртау, Өскемен, Қарағанды, Атырау сияқты өндірісті шаһарлар кіреді. Өйткені, бұл қалаларда зауыт, фабрика және комбинаттар, мұнай, көмір кендері бар. Осы факторлар аймақтардағы экологиялық жағдайды қиындатып отыр. Экологияны бұзатын бір фактор – полиэтилен пакеттер. Дүниежүзі бойынша күніне 3 трлн келі полиэтилен пакеттер қоқысқа шығарылады екен. Бұл біздің қоршаған орта үшін өте ауыр жағдай. Дегенмен әлем бойынша қырықтан астам мемлекет полиэтилен пакеттерден бас тартқан.  

Экологиялық апаттардың алдын қалай алуға болады? Қазақстандағы экологиялық апаттарға қарсы қандай жұмыстар жасалып жатыр? Осы және өзге де сұрақтарға белгілі жас эколог Айнұр Сейілханды әңгімеге тарттық.

-Айнұр ханым, Қазақстанның экологиялық жағдайы қалай, қандай шаралар жасалып жатыр?

-Қазақстанда экологиялық жағдай соншалық жаман деп айтуға болмайды. Әлемдегі дамыған, өндірісті мемлекеттермен салыстырғанда, біздің мемлекеттің экологиялық жағдайы біршама жақсы. Әсіресе, өндірісті мемлекеттер саналатын Қытай, Индия, және Шығыс Азия елдерімен салыстырғанда, біздің елдің экологиялық жағдайы өте жақсы деп айтуға әбден болады.

Экологияға ең ауыр тиетін қалдықтар – полиэтилен пакеттер. Әлем бойынша көптеген мемлекеттер осы пакеттерден бас тартуда. Бұл сол елдердің мәдени танымына тікелей байланысты шаруа. Одан бөлек, Қазақстандағы қоқыс полигондарында 22 млрд тонна қоқыс бар. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Ал мұны азайтудың жолы бар ма? Әрине, бар. Яғни қоқыстарды қайта өңдеу. Қоқыстарды қайтадан өңдесек, бүкіл әлем үшін бас ауыру болып отырған полиэтилен пакеттер мен полиэтилен ыдыстарды қайтадан өндіріске айналдыруға болар еді. Ол үшін заң керек. Ол үшін адамдардың мәдени танмы-түсінігі де артуы керек.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 38-бабын сүйенсек, Қазақстан азаматтары табиғатты сақтауға, сонымен бірге табиғат байлықтарына ұқыптылықпен мәдениетті түрде қарауға жауапты. Өйткені, экологияны бұзсаңыз, экологиялық талаптарды сақтамасаңыз, құқықтық жауапкершілік қарастырылады. Өте қарапайым тілмен, түсінікті сөзбен айтқанда, қоршаған ортаны қорғаудың ең негізгі бағыты – қоршаған ортаға зиянды заттардың мөлшерін азайту, сонымен бірге жаңа тазалағыш құрылғылар қою, эколгияны ластайтын қайнар көздерін жою. Одан бөлек, әртүрлі қалдықтарды қайта өндіру, қайта өңдеу. Су көздерінің тұз мөлшерін азайту, зауыттар мен мұнай-кен орындарынан шығатын қатты қалдықтарды жою, газдарды қайта өңдеу, залалсыздандыру, тазалау сияқты нақты жұмыстары бар. Қазіргі уақытта Қазастандағы өндірісті аймақтарда осы талаптармен жұмыс жүргізіледі. Нәтижелері де жаман емес.  

-Экология туралы әңгіме қозғалғанда, міндетті түрде «Жасыл экология», «Жасыл экономика» туралы айтпай кетуге болмас. Бұл жоспарлар бойынша елімізде қандай жұмыстар жасалып жатыр?

-Әлем дамыған сайын, бүкіл дүниежүзінде өндірістік қалалар көбейген сайын экологияның сұрақтары ауыырлайтыны белгілі. Бірақ дамыған мемлекеттерде экологиялық зардаптарды шешудің әртүрлі амал-тәсілдері қатар жүргізіледі. «Жасыл экология» мен «Жасыл экономика» соның жолы.

Қазақстанда да «Жасыл экология» мен «Жасыл экономикаға» қатысты заң жобалары жасалып, жұмыстар жүріп жатыр. Елімізде жаңғыртылатын энергия көздерін пайдалану соңғы жылдары жанданып келеді. Әсіресе, жасыл технология бойынша жаңғыртылатын негізгі қуат көздері қазір ел ішінде өте танымалы бола бастағанын айта кетейік. Мәселен, Алматы қаласының таулы аймақтарында орналасқан тұрғынүйлер мен қонақжайлардың бәрі дерлік үйдің үстіндегі шатырында орналасқан күн батареясынан қуат алу арқылы электр қуатын өндіріп, сол арқылы жылу жүйелерін, жарықты, тағы басқа да қуат көздерін қамтамасыз етеді. Көптеген тұрғынүйлер осы қуат көздеріне ауысқан.

Соңғы жылдары Қазақстанның ауыл шаруашылық саласы да «Жасыл экология» мен «Жасыл экономикаға» ауысып бара жатыр. Күн нұрынан қуат алатын панелдер арқылы жылынатын жылыжайлардың саны артты. Одан бөлек, мал шаруашылығында да күн нұры бетериясы арқылы жылытылатын қора-жайлар мен күн нұрынан қуат алатын әртүрлі техникалық жабдықтар көптеп пайдалануға берілуде. Бұл бір жағынан эконолгияға зияны жоқ. Екінші жағынан – экономикаға да көп жеңілдік тудырып отыр. «Жасыл экологияға» мен «Жасыл экономика» дегенде, жел күшінен қуат алатын қондырғылар да еске түседі. Қазақстан даласы дархан, жазықтығ таулы, аңғарлы мемлекет. Жел көздеріне бай ел. Сондықтан, біздің елде жел күшінен қуат алатын қондырғы қоюдың болашағы өте зор. Қазірге дейін Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жел күшінен электр энергия алатын станциялар жабдықталып, жұмыс жасап тұр. Мейлі, жел болсын, мейлі күн нұры болсын, бұл «Жасыл экология» мен «Жасыл экономиканың» қайнар көзі.

Экология қазақстандық немесе бір күндік тақырып емес. бұл бүкіл адамзаттық, мәңгілік тақырып. Сондықтан да еліміз жыл сайын экологиялық түйткілдерді шешу үшін халықаралық экологиялық қауымдастықтарға мүше болып қана қоймай, барлық жұмыстарына белсене атсалысып отыр. Соның басында Семей ядролық полигоны тұрғанын айта кетейік. Одан кейінгі Арал мәселесінде де Қазақстан ешқашан экологиялық сұрақтардан бойын аулақ ұстаған емес. Кіші аралды сақтау, екі Аралды бөлу шарасы әлемдік экологиялық сұрақтардың негізінде туған жұмыс. 

ХХ ғасырдың соңына қарай Каспий экологиялық бағдарламасы жүзеге аса бастады. Соның негізінде мұнай өндіру үшін экологиялық әртүрлі іс-шаралар әзірленді. Қазірге дейін Каспий теңізінде ең бірінші экологиялық қауіп-қатердің алдын алу басты мұрат саналады.

Балқаш көлі де экологиялық қауіпті аймақ деп аталады. Оның су көздерін сақтау, су жануарларын қорғау сияқты жұмыстар тұрақты жүргізіліп отыр. Бұл да экологияны сақтау үшін жасалып жатқан жұмыстардың бір парасы.  

Тегтер: