12:36, 14 Желтоқсан 2020
Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы өсіп жатыр

Қор биржасында 14 желтоқсандағы сауда-саттық кезінде мұнайдың әлемдік бағасының өсімі тіркелді.
RT агенттігінің хабарлауынша, WTI мұнайының қаңтардағы фьючерстері 0,67% көтеріліп, бір баррелі 46,88 долларды құрады. Brent маркалы мұнайдың ақпанда жеткізілетін фьючерстері 0,74% өсіп, бір баррелі 50,34 долларды құрады.
Бағаның өсуі әр түрлі факторлармен байланысты екені айтылады. Оған қоса, мамандар бағаның әлі де өсетінін болжайды.