Әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуі жалғасып жатыр

Brent маркалы мұнайдың бағасы соңғы төрт жылдағы ең төменгі деңгейге жетіп, 2021 жылғы наурыздан бері алғаш рет бір баррель үшін 61 доллардан төмен түсті.
Лондондағы ICE биржасындағы Brent маркалы маусым айындағы фьючерстердің бағасы 5,03 пайызға төмендеп, бір баррель үшін 60,98 доллар болды (Астана уақытымен 07:30-дағы мәлімет). Ал WTI маркалы мұнайдың мамыр фьючерстері 5,02 пайызға арзандап, 57,65 доллар деңгейіне түсті.
Мұнай бағасының күрт төмендеуі 3 сәуірде басталды. АҚШ президенті Дональд Трамп 185 елден импортталатын тауарларға жоғары кедендік тарифтер енгізгеннен кейін, мұнай нарығында құлдырау байқалды.
Қазақстан да кедендік баж салығы енгізілген елдердің қатарына енді. АҚШ енгізген жаңа тариф бойынша, Қазақстан үшін баж мөлшері 27 пайызды құрады. Бұл жағдайға байланысты еліміздің Сауда және интеграция министрлігі түсініктеме беріп, сарапшылар өз болжамдарын жариялады.