Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:22, 07 Қазан 2022

Әлеуметтік осал топтағы балалар назардан тыс қалмайды

None
None

Елімізде балаларды қолдауға қатысты арнайы жыл белгіленіп, оларға барынша жағдайлар жасалынып келеді.

Соның ішінде әлеуметтік осал топтағы балалар айрықша қолдауға ие.

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды балаларды қолдау жылы деп жариялағанынан бастап, елімізде балаларды қолдауға қатысты әр өңірде, әр мекемелерде балаларды жан-жақты дамытуға қатысты жұмыстар басталып кетті. Осы орайда, мемлекет тарапынан биыл дарынды балалардан бөлек, әлеуметтік осал топтағы балаларға қолдау жасалынуда. Яғни, мектептер, колледждер мен университеттерде дарынды балалар мен әлеуметтік осал топтағы балаларды теңестіру мақсатында төмендегідей  жұмыстар жүзеге асырылуда. Мәселен, мектептерде әлеуметтік осал отбасының балаларына мамандандырылған мектептерге түсуі үшін он бес пайыздық квота енгізілген. Мұндай отбасылардан шыққан екі мыңнан астам бала жаңа квота бойынша дарын, БИЛ, т.б. мектептерге еш кедергісіз түсе алады. Сондықтан мамандандырылған оқу орындарының басшыларынан мектепте көрсеткен нәтижелерге алаңдайды дегенге еш негіз жоқ. Осы мүмкіндік арқылы академиялық жетістіктері бар, үздік оқушылармен қарым-қатынас және қоршаған орта осы оқушыларға оң әсер етіп, әлеуметтік осал топтағы оқушылардың тез бейімделіп, білімдерін шыңдай алуына, оқуда жетістікке жетуіне себепкер бола алатын бірден-бір фактор.

Осы орайда, сандық репетитор жобасы енгізіліп жатқанын айта кеткен жөн. Ондағы мақсат – әлеуметтік осал отбасыдан шыққан балаларға апта сайын тіл, жаратылыстану, математика пәндерінен қосымша аптасына үш рет сабақ алуға мүмкіндік қарастырылған. Ал колледждер бойынша республикалық бюджеттен 45 мың грант бөлінді. Бөлінген қаржы біліммен қамтуды арттыру мақсатында әкімдіктер мен жергілікті колледждерге аударылады.

Әлеуметтік осал топтағы балалар кейін де жоғары оқу орындарына түсуі үшін ешқандай кедергі болмайды. Яғни, былтыр гранттарды бөлу кезінде осал отбасыдан шыққан балаларға университетте оқуға квота енгізілген. Енді мүмкіндігі аз балалар мемлекет есебінен білімді еш кедергісі ала алады. Соның арқасында студенттер бірінші оқу жылының нәтижесінде тиімділіктері артып, болашақта квотаның ауқымы одан әрі кеңейе түседі. Нақты есеппен айтсақ, жылда әлеуметтік осал топтан шыққан 5 мың бала мемлекеттік бюджетке оқуға мүмкіндік ала алады. Ал ауыл мектептерінің түлектері жоғары білім алуы үшін квота мөлшері 35 пайызға арттырылды. Сондай-ақ әлеуметтік осал отбасының балалары үшін арнайы мамандандырылған мектептерге түсуге жаңа он бес пайыздық квота енгізіледі. Ал бес жүз мың оқушы цифрлы репетитор жобасы аясында апта сайын жоғарыда атап өткен пәндер бойынша білім алады. 

Бұның барлығы да әлеуметтік осал топтан шыққан балалар үшін үлкен мүмкіндік болып отыр. Яғни, ендігі жолы балалар дарынды балалармен теңесе отырып, арнайы қолдауға ие бола алады деген сөз.

Мемлекет басшысының тапсырған тапсырмасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар әзірге осы. Алдағы уақытта да мемлекет тарапынан балаларға әлі де біраз мүмкіндіктер болар деп сенеміз.

Тегтер: