Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:00, 29 Қыркүйек 2022

Әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалған шығыстар өсті

None
None

Қиын экономикалық жағдайға қарамастан, Қазақстан үкіметі халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуде.

Коронавирустық пандемия салдары мен әлемдегі экономикалық тұрақсыздық Қазақстанға айтарлықтай әсер еткені анық. Бағаның тұрақты өсуі әрбір қазақстандықтың қалтасынан қағып отыр. Қоғамда мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдауды күшейту туралы сұрақтар көбейіп келеді.

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова, еліміз үшін экономикалық қиын кезеңде министрліктің халықты қолдау мақсатында қандай жұмыстар атқарып жатқандығы туралы:

– Ел дамуының әрбір кезеңіндегі әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі оның экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерімен анықталады. Коронавирустық індеттің салдарынан туындаған экономикалық қиындықтар мен дағдарыс жағдайында өндірістің жаһандық құлдырауы, әртүрлі елдердің бір-біріне қарсы қолданатын түрлі санкциялары, жоғары инфляция, әлеуметтік саланың дамуы айтарлықтай шектелді, – дейді.

Сонымен қатар соңғы жылдары мемлекет дағдарыстың жағымсыз салдарын жұмсартуға және халықтың аз қамтылған топтарын қорғауға бағытталған түрлі шараларды қолға алуда. Зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді уақтылы төлеумен қатар, төтенше жағдай кезінде көптеген азаматтар жұмысынан айырылуына байланысты біржолғы жәрдемақы алды, халыққа азық-түлік және тұрмыстық пакеттер берілді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары жүргізілді. Белсенді түрде жүзеге асырылды, атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініштер ұзартылды, зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері қосымша ұлғайтылды.

Бүгінгі таңда 4 миллионнан астам адам, яғни республика халқының 21,1 пайызы әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылған. Олардың қатарында зейнеткерлер, мүгедектер, көпбалалы отбасылар және басқа санаттағы азаматтар бар.

2022 жылы әлеуметтік қамсыздандыруға жоспарланған шығыстар 2020 жылмен салыстырғанда 20,6%-ға өсіп, 4,1 трлн теңгені құрады. Бұл халықтың табысын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.

Жалпы, Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесі құрылғанын, оның ерекшелігі мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтар арасында жауапкершілікті бөлу болып табылатынын атап өткен жөн. Сондықтан республикалық бюджеттен негізгі төлемдермен қатар, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры сияқты басқа да көздерден төленетін қосымша төлемдер қарастырылған.

Тегтер: