Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:19, 18 Қыркүйек 2024

Әлеуметтік қордан қазақстандықтарға ақша төленетіні туралы ақпарат – фейк

а
Фото:gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қордан қазақстандықтарға 70 мың теңге төленетіні туралы жалған ақпарат тарап жатқанын мәлімдеді.

1949-2010 жылдар аралығында туған Қазақстан азаматтарына белгісіз әлеуметтік қордан 70 000 теңге аударылатыны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды. Қаражатты аудару үшін белгісіз адамдар сілтемеге өтуді ұсынады. Әлеуметтік көмектің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуге кеңес береміз, делінген хабарламада.

Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады.

Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз, деді ведомства.