Алғашқы Олимпиада жолдамасы жеңіл атлетке бұйырды

17.03.2019, 22:39

17

Жеңіл атлет Георгий Шейко Жапония астанасы Токио қаласында өтетін XXXII жазғы Олимпиада ойындарының жолдамасына ие болды.Жапонияның Номи қаласында жыл сайын наурыз айының орта тұсында спорттық жүрістен Азия чемпионаты өтіп тұрады. Осы жарыстың тұрақты қатысушыларының бірі – Георгий Шейко.Ол бұған дейін бірнеше рет күміс пен қола жүлделерді жеңіп алған. Нақтырақ айтсақ, осымен төртінші рет қатысып отыр. 2016 және 2018 жылдары қола жүлдеге ие болса, 2017 жылы екінші орын алған. Былтыр 20 шақырымдық қашықтықты 1:21:57 сағатта жүріп өткен болатын. Биыл ол көрсеткішін жақсарта алды. Жерлесіміз мәре сызығын 1 сағат 20 минут 21 секундта қиды. Шейконың алдын тек жапондық Тошиказа Яманиши орап кетті (1:17:15). Үшінші орынға кореялық спортшы Чо тұрақтады. Георгий Шейко Азия чемпионатының күміс жүлдесінен бөлек, келесі жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама да жеңіп алды.Бір айта кетерлігі, бұл қазақстандық спортшылар арасындағы алғашқы лицензия.Жақында Халықаралық жеңіл атлетика қауымдастығы (IAAF) ресми түрде Олимпиада ойындарына қатысатын атлеттердің нормативтерінің стандартын белгілеген болатын.20 шақырымға спорттық жарыстан қатысатындардың іріктеуі 2019 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 29 маусымына дейін жоспарлаған. Аталған нормативте 20 шақырымға спорттық жүрістен бақ сынайтын ерлердің нормативі – 1:21.00. Қазақстандық спортшы бұл межені бағындыра алды. Сөйтіп, жолдамаға қол жеткізді.«Алғашқы 10 шақырымды 39 минут 55 секундта жүріп өттім. Қазақстанның жаңа рекордын орнатуды ойлап, осы көрсткіштен қалмауды көздегенмін. Алайда, соңына қарай қарқыным бәсеңдеді. Нәтижесінде, 1:20:21 сағатта мәреге жеттім. Бұл көрсеткішім екінші орын алуыма себепші болды. Бұдан да жоғары нәтиже көрсетуімізге күннің суықтығы әсер етті. Әйтпесе, Қазақстан рекордын жаңартуға болушы еді. Осы сайыс түрінен еліміздің рекорды –1:19:50 сағат.  Аяғым қатты тоңғасын алдыма қойған межені орындай алмадым. Мүмкін, негізгі себеп бұл емес те шығар. Алдағы уақытт нәтижені жақсарту үшін жұмыс істейтінім анық. Үш аптадан соң Чехиядағы халықаралық жарысқа қатысамын. Сол жақтағы күн райы мен физикалық мүмкіндіктерімді шамалайтын боламын. Ең алғашқы іріктеу жарысында лицензия алғаным үшін қуаныштымын. Өйткені, жолдама алу да мойныңда тұрған үлкен міндеттердің бірі. Енді арқадан біраз жүк түсіп, жауапкершілік жеңілдегені рас. Алдағы төртжылдық додасына дайындалып, жоғары нәтиже көрсету үшін тәуекелге бел байлаймыз» – дейді Георгий Шейко. Фотоларды автор ұсынды.
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

13.05.2020, 05:46
Қайрат Тұрлыханов өмірден озды
11.05.2020, 12:13
Илья Ильин спорттық карьерасын аяқтады
26.04.2020, 08:43
Илья Илин қайырымдылық акциясына үлес қосты
25.04.2020, 08:01
Футболшылар маскамен ойнайды
24.04.2020, 07:11
Не қымбат: футбол ма, адам ба?
21.04.2020, 10:23
Жақсының жалғасы едіңіз аға

Аңдатпа


  • Қазақ тілінің мәртебесі неге нашар? (видео)
    09:08
  • Әріптесіміз "Жас Алаштың" мерейін өсірді
    03.12.2020, 13:28
  • Тоқаевқа жаңа өкілеттілік берілді
    03.12.2020, 12:05
  • Нұр-Сұлтанда тағы бір қоғамдық орында жарылыс болды
    02.12.2020, 09:13
  • Коронавирус 2003 жылы өршіген бе, ақиқаты қайсы?!
    02.12.2020, 11:11