Әли Хаменеидің әйелі тірі — Ирандық БАҚ
Ирандық Fars агенттігі хабарлағандай, бұрынғы жоғарғы жетекші Әли Хаменеидің жұбайы Мансурех Ходжасте Багерзаде бұрын айтылған «АҚШ пен Израильдің 28 ақпандағы соққыларынан кейін қаза болды» деген ақпарат расталмады.
Бұған дейін бірқатар ирандық БАҚ әйелдің сол шабуылдар кезінде алған жарақатынан қайтыс болғанын мәлімдеген болатын, бірақ кейін агенттік бұл ақпарат қате екенін хабарлады.
Қазір Мансурех Ходжасте Багерзаденің жағдайы туралы толық мәлімет берілген жоқ.
Еске сала кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастағанын мәлімдеді. Тель-Авив бұл операцияның мақсаты Тегеранның ядролық қару жасауына жол бермеу екенін айтты. Ал Вашингтон Иран флотын және қорғаныс өнеркәсібін жоюы мүмкін екенін ескертіп, ел тұрғындарын билікті құлатуға шақырды.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған шабуылдары салдарынан кемінде 1800-ден астам адам қаза тапқан. Құрбандардың арасында Иранның жоғарғы рухани көшбасшысы Әли Хаменеи де бар.
9 наурыз күні Сарапшылар кеңесі Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы ретінде Әли Хаменеиінің ұлы Моджтаба Хаменеи сайланғанын жариялады.