Али Хаменеинің қаза тапқаны Иран билігі растады, елде аза тұту жарияланды
Али Хаменеи АҚШ пен Израиль жүргізген операция салдарынан қаза тапты. Бұл ақпаратты Иранның мемлекеттік ақпарат агенттіктері — Tasnim, IRNA, ISNA, Mehr және Fars растады.
Елде аза тұту күндері жарияланып, демалыс күндері белгіленді.
Ислам революциясының Жоғарғы жетекшісі өз жұмыс орнында — Көшбасшылар үйінде болған кезде қаза тапқаны айтылды.
«Ол шәһид болған сәтте өзіне жүктелген міндеттерді атқарып отырған, жұмыс орнында болған. Бұл шабуыл сенбі күні таңертең ерте жасалды», — деп хабарлайды Tasnim агенттігі.
Ирандық БАҚ-тың мәліметінше, «сионистік режимге және өңірлік реакцияға байланысты ақпарат құралдары революция көшбасшысы өлтірілу қаупінен қорқып, қауіпсіз жерде жасырынған» деп бірнеше рет хабарлаған.
Ел үкіметі 40 күндік жалпыұлттық аза тұту және 7 күндік демалыс жариялады.
Аятолланың қазасы туралы бұған дейін израильдік шенеуніктер мәлімдеген, кейін АҚШ президенті Дональд Трамп оның қайтыс болғанын хабарлаған еді. Алайда Иран билігі бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.