Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:47

Әлиев: 1920 жылы Ресей Әзербайжанға басып кіріп, елді жаулап алды

Әлиев
Фото: из открытых источников

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев "Al-Arabiya" телеарнасына берген сұхбатында "1920 жылы Ресей армиясы Әзербайжанға басып кіріп, елді жаулап алды" деп мәлімдеді.

Ол Ресей империясы ыдырағаннан кейін Әзербайжан Демократиялық Республикасының құрылғанын еске салды.

Президенттің айтуынша, 1917 жылғы революцияны жүзеге асырған большевиктер халықты алдады.

 «Олардың ұраны: фабрика мен зауыт – жұмысшыларға, жер – шаруаларға, еркіндік – халықтарға болатын. Біз өз мемлекетімізді құрдық. Бірақ большевиктер оны тартып алды», – деді ол.

Әлиев бұл тарихи деректерді Армениямен жанжал контекстінде еске салды, сұхбаттың негізгі бөлігі осы тақырыпқа арналды.

Сондай-ақ ол «басқыншылық» сөзін Ресей мен Украина соғысына қатысты айтқанда да қолданды.

«Біз Ресейдің Украинаға басып кіруінің алғашқы күндерінен бастап Украинаның аумақтық тұтастығын қолдадық және қолдай береміз», – деді Әлиев.

Сонымен қатар, Әлиев соңғы уақытта Әзербайжан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас салқындағанын атап өтті.

«Қарым-қатынастың нашарлауына біз жауапты емеспіз. Біз конструктивті әрі заңды жауап беріп келеміз, бірақ бізге қарсы жасалған ешбір агрессияға немесе құрметсіздікке жол бермейміз», – деді ол.

Айа кетейік, Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін Баку мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынас айтарлықтай салқындады. Кейінгі айларда Екатеринбургте екі әзербайжандық азаматтың полиция рейді кезінде қаза табуы, Ресейде әзербайжан диаспорасы өкілдерінің ұсталып, Әзербайжанда ресейлік азаматтардың қамауға алынуы жағдайды одан әрі ушықтырды.

Тегтер: