Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Кеше, 16:15

Әлиев Embreaer 190 «қара жәшігін» Мәскеуде ашуға рұқсат бермеген

Әлиев пен Путин
Әлиев пен Путин. Фото: РИА Новости

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Embreaer 190 апатында қаза тапқандардың отбасы мүшелерімен кездескенін жазған едік.

Неге орыс тілінде сөйледі?

Кездесу әзербайжан тілінде өтті, бірақ Әлиев Ресейге бағыттап орыс тілінде сөйледі. Әлиевтің айтуынша, Әзербайжан кеңсесі Мәскеуде орналасқан Мемлекетаралық авиация комитетінің қара жәшікті ашуына үзілді-кесілді қарсылық танытқан. Сондықтан Embraer 190 өндірушісі Бразилия қара жәшікті ашып, оны зерттеумен айналысқан.

«Егер біз апаттың алғашқы сағаттарында Ресейдің жағдайды объективті түрде зерттеуге ұмтылысын көрген болсақ, «қара жәшікті» Мемлекетаралық авиация комитеті зерделеу керек деп келіскен болар едік. Біз бұл жүйе аясында ондаған жылдар бойы қызмет етіп келеміз. Өйткені, жүйе бұрынғы КСРО елдері аумағындағы ұшақ апаттарын зерттеумен айналысқан.

Бірақ ресейлік тарап бұл істі бүркемелеп, бар кінәні құстарға немесе газ баллонының жарылуына аударғысы келетінін көріп, мен де, Әзірбайжан қоғамы да бұл жүйенің жағдайды объективті түрде зерттейтініне күмәндандық.

Қазір қара жәшікті зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Зерттеу нәтижелерін білгеннен кейін барлығы өз орнына түсіп, апаттың толық бейнесі қалыптасады деп үміттенемін», - деді Әлиев орыс тілінде сөйлеген сөзінде.

Әзербайжан президенті келесі жолы кінәлілерді жазалау маңызды екенін баса айтты. Әлиев Ресейдің табиғи апаттың қисынсыз нұсқаларын насихаттап жатқанына қатты ренжігенін алға тартты.

"Бұл апатта Әзербайжан азаматтары құрбан болғандықтан, кінә Ресей өкілдеріне жүктеледі. Біз әділеттілікті, кінәлілердің жазалануын және адамгершілікі талап етеміз", - деді Әлиев.

Әлиев бұл сөздерді неге қайталады?

Ильхам Әлиев бұған дейін де осындай сөздер айтқан болатын. Ендеше, ол неге бұл сөздерді қайталайды? Біріншіден, Әлиевтің бұрынғы сөзі барлық әзірбайжандықтарға бағытталған және белгілі бір мағынада оларға баяндалған. Кешегі кездесу өте тар шеңберде өтті, оған Embreaer 190 апатында қаза тапқан әзірбайжандықтардың отбасы мүшелері қатысты. Әлиев президент ретінде оларға апаттың себептерін түсіндірді. Өйткені бұл қарапайым апат емес. Басқа елдің аумағында қарудан болған өлім.

Әлиев апаттың алғашқы күндерінде Ресейдің Әербайжаннан кешірім сұрауы керегін айтты. Кейінірек Путин Әлиевке телефон соғып кешірім сұрады. Бірақ ресми мәлімет бойынша Путин «Кешіріңіз, Ильхам Хайдарович, біздің әскерилер сіздің азаматтық ұшағыңызды білмей атып түсірді» деп кешірім сұрамаған. Ол жай ғана оқиғаның Ресей аспанында болғаны үшін кешірім сұрады. Мәскеудің мұндай жан-жақты жауабы Бакуді қанағаттандырмаған сияқты.